12 Шілде, 2016

Алдағы ойынның фавориті - «Астана»

337 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_50927" align="aligncenter" width="700"]12.07.2016 AST-14 Фото: Әнуар Абдрахманов[/caption] Ертең Вильнюс қаласында футболдан Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде Литваның «Жальгирис» клубы мен «Астана» командасы  кездеседі. Осы ойынның алдында литвалық команданың бас жаттықтырушысы Вальдас Дамбраускас қазақстандық журналистерге алдағы матч туралы айтып берді. Бұл туралы "Астана" футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. — Алдағы ойыннан не күтесіз? — Әрине, еуропалық жарыстарды ұлттық чемпионаттармен салыстыруға болмайды. Екеуінің деңгейі басқа. «Астана» туралы айтатын болсам, бұл командаға біз құрметпен қараймыз. Сіздердің командаларыңыз мықты. Былтыр Еуропа алаңдарында жақсы ойнады. Ал қазір Қазақстан чемпионатының көш басында келеді. «Астана» алдағы мачтың фавориті. Әрине, біз қол қусырып отырмаймыз. Соңына дейін ойнаймыз. Бәрін ойын көрсетеді. — «Астананың» бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов туралы не айтасыз? — Ол мықты маман деп естігенмін. Жаттықтырушы туралы оның командасының нәтижесі ғана айта алады. Қазақстанда ол үлкен жетістіктерге жетті. — Жақында «Жальгирис» Грозныйдың «Терек» клубымен ойнады. Осы матчта ойыншыларыңыз бір-бірін түсінбей ойнаған сияқты. — Бізде ойыншылардың барлығы кез-келген уақытта алаңға шығып, ойнай алады. Осыны олар Словенияда өткен оқу-жаттығу жиынында көрсетті. «Терекпен» жолдастық кездесу өткіздік. Жаттығулардан кейін әрине, ойыншылар шаршайды. Ал сәрсенбі күні сіздер басқа команданы көресіздер. — Қазақстанда Литваның көптеген ойыншылары ойнады. Мысалы, Артурас Жулпа мен Гедиминас Вичус. Сіз олармен сөйлестіңіз бе? — Жулпа «Жальгиристе» ойнаған. Қазақстанда ойнаған тағы бірнеше футболисті білемін. Олар – футболистер. Олар тек өз командалары туралы ғана айта алады. — «Жальгирис» топтық турнирге шыға ал ма? Әлде ол мүмкін емес пе? — Әрбір ойынға жақсы дайындалу керек. Егер бір кезеңнен өтсең, келесіден өтсем деп армандайсын. Бірінші қадам жасау қиын. Біздің ойыншылар бұдан да үлкен жетістікке жететінімізге сенімді. Олар Еуропа жарыстарына жиі қатысады. Ұлттық құрамада ойнайды. Бәрі тәжірибелі ойыншылар. Литвандар Еуропаның көк майса алаңдарында өздерін жақсы қырынан көрсете алады. Маған сенсеңіз болады. — Алдағы мачта стадион толық болады деп ойлайсыз ба?   — Солай болатынына үміттенемін. Былтыр Швецияның «Мальме» клубымен ойнағанда трибунада ине шаншар орын болған жоқ. Біз жергілікті жанкүйерлердің қолдауын күтеміз. Қолдау әрқашан керек. Ертең, 13 шілдеде сағат 23.00-де "Қазақстан" телеарнасы «Жальгирис» пен «Астана» командаларының  кездесуін тікелей эфирде көрсетеді. Дастан КЕНЖАЛИН [caption id="attachment_50928" align="aligncenter" width="700"]12.07.2016 AST-13 Фото: Әнуар Абдрахманов[/caption]