13 Шілде, 2016

Жаңа «Жібек жолы»

357 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ралли бойымен сапарға шыққан әлемдік авторалли шабандоздары Қазақстанның Қостанай облысына келіп жетті «Жібек жолы» ралли автокөлік жарысына 42 елден қатысқан 60-тан астам команда Қостанай күтіп алды. Оларды облыс әкімінің орын­басары Марат Жүндібаев пен Қостанай қаласының әкімі Ба­зыл Жақыпов құттықтады. Қонақ­тардың тынығып алуына барлық жағдай жасалды. Жарысқа жол таңдамайтын 23 жүк машинасы, 118 джип машиналары қатысып келеді екен. – «Жібек жолы» раллиінің бұл жолғы сапары өте ұзақ, 10800 шақырымды құрайды. Оған бар­лық құрлықтан спортшылар қаты­суда. Әлемді таңғалдырған атақ­тылардың барлығы осында. Ежелгі «Жібек жолы» мен бүгін­гі біз жүріп өтетін жаңа «Жібек жолы­ның» арасында уақыттың үзіл­мейтін тіні жатыр. Ол жаңа­рып, ел мен ел, мемлекеттер мен мемлекеттер арасындағы эко­но­микалық, мәдени байланыстар­ды нығайта береді, – деді «Жібек жолы» раллиі жобасының дирек­торы Владимир Чагин. Аты аңыз­ға айналған автошабандоз Вла­димир Геннадьевич қазақстан­дық­тар туралы да жылы пікірін білдірді. – Сіздердің елдеріңізде ралли рейді жоғары қарқынмен дамып келеді. Олар қаңтарда өткен жарыста жеңімпаз атанған болатын. Қазақстандық автошабандоздар шеберліктерін жылдам жетілдіріп келеді, бұл жолы да олардың қарқыны ерекше, – деді жоба же­- текшісі Вла­ди­мир Чагин. Автошабандоздар Қазақстан жерінің 3 мың шақырымын басып өтеді. Жарыстың 15 кезеңінің 4-уінде ең күшті деген көліктер мен спортшылардың күші Ұлы Далада сыналмақ. Қатысушылар Қазақ елі аймақтарының сұлулығы мен кеңдігіне де куә болады. Шеру Қостанайдан Астанаға қарай бет алды. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан» ҚОСТАНАЙ