Еліміздегі мұнай-газ нарығындағы саудада ашықтық пен мөлдірлікті қамтамасыз ету үшін «Алаш» атты жаңа портал ашылды. Ол жөнінде Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мұнайсервис компаниялар одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов айтты.
Брифингке бірқатар жаңалықтармен келіп отырғандарын айтқан төралқа төрағасы, «Алаш» порталы мұнай-газ саласындағы компанияларға жаңа мүмкіндіктердің жолын ашатынын жеткізді. «Мұнай-газ саласы ел экономикасында үлкен рөл атқаратынын, сондай-ақ, ондағы ақша айналымының аса қомақты екенін де жақсы білесіздер. Сондықтан, бұл саланың керекті деңгейде алға жылжуы үшін ашықтық пен мөлдірлік аса қажет. Мысалы, «Теңізшевройл» компаниясы өзінің болашақ даму бағдарламасын жариялады. Міне, осы бағдарлама бойынша айналымға түсетін қаржының көлемі 37 млрд. АҚШ долларынан асып жығылмақ. Ал Ақсайдағы КПО компаниясы 10 млрд. АҚШ долларына тең жобаны іске асырмақшы. Осынау мол қаражат жұмсалатын салалар жөнінде ашық ақпараттар болса, ондағы жұмыстардың барынша қарқын алатыны мәлім», деді Р.Жақсылықов.
Оның айтуына қарағанда, осы кезеңде мұнай-газ саласында сатып алу үдерістерінің 70 пайыздан астамы жабық жағдайда өтеді екен. Бұған қоса ол бүгінгі күнде жер қойнауын пайдаланушыларды үш топқа бөліп қарастыруға болатынына назар аудартты. «Бірінші топқа «ҚазМұнайГаз» компаниясының тобына кіретін жер қойнауын пайдаланушылар жатады. Олардың былтырғы сатып алуға жұмсаған қаражатының көлемі 160 млрд. теңгені құраған. Екінші топқа «Теңізшевройл», «Қазақстан Петролеум Оперейтинг», «NCOC», және «Маерск Ойл Қазақстан» компанияларының тұрақты келісімшарттарына қосылған компаниялар кіреді. Бұл топтың өткен жылғы сатып алуларға жұмсаған қаржысы 988 млрд. теңгеге тең болды. Ал үшінші топқа тауарлар, жұмыс және қызмет реестрі арқылы сатып алуға қатысатын жеке компаниялар тобы жатады. Бұл топ былтырғы жылы сатып алуға 208 млрд. теңге жұмсаған. Осы ақпараттардың әрбірі ашық та мөлдір болса деген ниетпен «Алаш» порталы ашылып отыр», деді төралқа төрағасы.
Өз кезегінде ақпараттық жобаны әзірлеуші «Алгоритм» компаниясының сауда жөніндегі директоры Марк Лойе «Алаш» мұнай-газ нарығындағы жаңа мүмкіндіктер порталына қазақстандық компаниялар тегін тіркеле алатынын жеткізді.
«Алаш» порталына қазақстандық компаниялар тегін тіркеліп, біліктілігі туралы анықтама алып, ірі мұнай-газ жобаларына кедергісіз қатысуына болады. «Алаш» деректер қоры базасы тапсырыс беруші операторлар, мердігерлермен тауар мен қызмет түрін жеткізушілерді байланыстыратын теңдесі жоқ жоба», деді М.Лойе.
Оның айтуынша, портал үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде болады. Мәліметтер үш тілде бірдей шығып отырады. Қазақстандық компаниялар тегін тіркелсе, шетелдік компанияларға ақылы түрде қызмет көрсетіледі. Порталға тіркелу оңай әрі жылдам. Бастысы, қажетті құжаттар дұрыс болса болғаны.
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан»

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10