Кеше Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Бас редакторлар клубы «Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты ІІІ Халықаралық байқаудың қорытындысын шығарды.
Осы жылғы ұйымдастыру комитетіне 29 елден келіп түскен 60 өтінімнің арасынан қазылар алқасы ТМД, Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс және Африка бойынша бес жеңімпазды анықтады. Қазылар алқасының құрамына Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мен Бас редакторлар клубының президенті Бибігүл Жексембай кірді.
Е.Ыдырысов биыл байқауға түскен өтінімдердің сапасы мен еліміздің даму серпініне, Астанада болатын ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі мен Алматыда болатын Қысқы Универсиада ойындары секілді алдағы ірі халықаралық іс-шараларға шетелдік БАҚ тарапынан қызығушылықтың өсіп келе жатқанын атап өтті. «Осы жылы байқауымызға әлемнің төрт бұрышынан келіп түскен өтінімдер санының, ең бастысы – олардың сапасының артқаны бізді сүйсіндірді. Әлемдегі БАҚ-тарда Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуына, оның халықаралық қатынастарына деген қызығушылықтың ұдайы артуы байқалуда. Бұл Қазақстанның және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ашық саясатының нақты жемісі деп білемін», – деді Е. Ыдырысов.
Қазылар алқасы ТМД авторларының арасынан Ресейдің «Аргументы и факты» апталық газетінің тілшісі Марина Набатникованы «Даму үшін жаралған. Қазақстанмен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қалай дамып келеді?» атты мақаласы үшін марапаттау туралы шешім қабылдады. Еуропалық авторлар арасынан HuffingtonPost.fr онлайн-басылымында жарияланған «ЭКСПО-2017: болашақ энергиясы қандай болады?» мақаласы үшін француз журналисі Паулин Гаврилов марапатталды.
Қазылар алқасы Америка құрлығынан жеңімпаз болып Washington Times газетінде жарияланған «Болашақ» өршіл бағдарламасымен шетелде оқитын қазақ жастары бұрынғы Кеңес республикасын көтеруге мүдделі» атты мақаланың авторы, АҚШ журналисі Дуглас Бертон танылды. Ал Таяу Шығыс және Африка елдері үміткерлерінің арасынан «The Jordan Times» газетінде жарияланған «Иордания мен Қазақстанның әлемдегі бейбітшілікке деген көзқарасы ортақ» атты мақаласы үшін Иордания журналисі Мохаммед Газал (Mohammad Ghazal) марапатталды.
Азия елдері үміткерлерінің арасынан «Yeni Cag» газетінде жарық көрген «Еуразия кілті Қазақстанның дамуы мен тұрақтылығында» мақаласының авторы, Түркия журналисі Куршад Зорлу жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздардан басқа бес өңірдің әрқайсысында қосымша жүлдегерлер анықталды, олардың авторлары қазылар алқасынан алғыс хаттарын алатын болады. Байқау жеңімпаздары қыркүйек айының басында Астана мен Алматы қалаларына және Бурабай курортына сапар шеге алады.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12
Елімізде ескі үлгідегі 2 000 теңгелік банкноттар айналымнан шығарылады
Қаржы • Бүгін, 12:55
«Таза Қазақстан»: Астанада мектеп оқушылары сенбілікке қатысты
Экология • Бүгін, 12:50
Астанада 2 мың доллар үшін үй өртемек болған тұрғын сотталды
Оқиға • Бүгін, 12:43
85 млн теңге желге ұшты: Оқудан шығарылғандарға қайта грант тағайындалған
Қаржы • Бүгін, 12:29
Жүлде қоры – 21 млн теңге: Абай облысында «Ақтоғай Арғымағы – 2026» бәйгесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 12:10