болып табылатын Ассамблеяның әралуан этностардың мүддесін біртұтас ұлттық мақсатқа біріктірушілік ұстанымы жергілікті жерлерде жемісті жалғасып келеді
Елбасы «Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» атауымен өткен ХХІV сессиясында: «Қазақстан халқы Ассамблеясы – Тәуелсіздік жемісі. Ассамблея кез келген сын-қатер төнген кезде және Тәуелсіздіктің барлық кезеңінде әрдайым биіктен табылды. Оның тарихында біздің ұлттық өрлеу дәуірінің кезеңдері мен нақты нәтижелері көрініс тапқан», деп атап көрсеткен болатын. Иә, еліміз егемендік алғаннан бері басты игілігіміз – достыққа қылаудай кіршік жұқпастан өз жарасымын тауып келеді. Осы уақыт аралығында ұлтаралық, конфессияаралық тең құқықтылық қамтамасыз етіліп, қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлік ауқымы ортақ арнаға тоғыстырылды.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясын ашқан өңір басшысы Ерік Сұлтанов өз сөзін Президент алға қойған міндеттерден бастап, азаматтардың теңдігі мен этносаралық қатынастар тұрақтылығы мәселесіне қатысты ұсақ-түйек болмайды деген пайымын алға тарта отырып жалғастырды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа функциялық бағыттарына орай жергілікті құрылымдар мен этномәдени бірлестіктер алдына тың талаптар қойды. Меценаттар қоғамдастығының қызметін, даулы мәселелерді сотқа дейінгі тәртіппен шешетін медиаторлар желісін дамыту, мемлекеттік рәміздерді қазақстандық патриотизм атрибуттары ретінде азаматтардың қолдануы аясын кеңейту, отбасылық қарым-қатынастарды, моральдық-этикалық және рухани құндылықтарды нығайту, тағы басқа мәселелер бойынша қоғамның барлық әлеуметтік қырларында үйлестірушілік, бастамашылық рөл жүктелді.
«Сессияда «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің қабылдануы ұрпақтар арасындағы сабақтастықты одан әрі баянды етуге ұмтылдырады. Бұл орайда алдымызда Мәңгілік Ел ұғымының темірқазығы іспеттес жеті тұғырын өскелең ұрпақ бойына сіңіру секілді кең ауқымды жұмыстар тұр», деп атап көрсетті Ерік Хамзаұлы.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Наиль Салимов «Қайырымдылық қызмет туралы» жаңа заң шеңберінде меценаттық қозғалыстардың жанданғанын, оның бір мысалы ретінде «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасына 200 мың адам қатысып, 284 іс-шара өткізілгенін жеткізді. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары аясында «Мейірімділік керуені» акциясы өз жалғасын тауып келеді. Тұрмысы төмен, көпбалалы отбасыларға, аз қамтылған жандарға, зейнеткерлерге қайтарымсыз көмектер берілетінін айтты.
Ресейдің Омбы облысынан арнайы келген Алтынай Жүнісова өзінің сөзінде жүзден астам этнос өкілдерін бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруге құлшындырып отырған Елбасының саясатына тәнті екенін жеткізді.
№17 ұлттық жаңғырту мектебінде сабақ беретін Петимет Авхадованың ізгі бірлікке, ырысты ынтымаққа үндеген сөздері жалынды шықты. «Світанок» украин мәдени бірлестігінің төрағасы Александр Плотко мен «Дослук» татар-башқұрт» ұйымының мүшесі Сайдаш Ғайсинге Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі тапсырылып, ел бірлігін, мәдениетаралық үнқатысуды нығайтудағы, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы үлестері орынды бағаланды. М.Жұмабаев ауданындағы «Видергебурт» неміс мәдени ұйымының мүшесі Александр Гамершмидт облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Өзге белсенділер де сый-сияпатсыз қалмады.
Сессия соңы түрлі этнос өкілдерінің ән кешіне жалғасты.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан»
Солтүстік Қазақстан облысы

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12