«Қызы едің Ыбекеңнің Балқадиша,
Өзенді өрлей біткен, шіркін-ай,
тал Қадиша!
Сексен қыз серуенге шыққан кезде,
Ішінде қара басың, па, шіркін,
хан Қадиша!»
Ақ сұңқар Ақан серінің балбыраған «Балқадиша» әнін Зерендінің балқытылып текшеленген тау-тастарына біткен заңғар қарағайларының арасында тал бойы аса жоғары талғаммен шебер жасалған бір керім қыз нәшіне келтіре шырқап жүр. Тастан теріліп, жоғары қарай өрлеген жолда тоқтай қалып тыңдадық. Орыстың бойжеткені болса да қазақы қоңыр даусы тым тартымды. Жаныңның нәзік қылын баяу шертіп, шерлі көңілдің шексіз мұхитында қалықтатады. Зерендінің көркем табиғаты мен керім қыздың келбеті керемет бір үйлесім тапқан. Тұп-тұнық көк айдын әудем жерде шалқып жатыр. Көл таманға өте берген қаракөзден: «Бұл кім?» деп сұрадым. «Виктория ғой», – деді. Таңырқай қараған көзінде: «Қалай оны білмейсіз!» деген наз жатыр. Сірә, мені лагерьдің көп қызметкерінің бірі деп ойласа керек.
– Сәлем, Виктория! – дедім әнді шырқай келіп балқып аққан көк жақпар тасқа бір жамбастай шөккен қыздың сырт жағынан жақындап. Абдырап қалды.
– А-а, сәлемші болсаңыз төрге шығыңыз.
– Тастың төрінде өзің отырған жоқсын, ба?!
– А-а, онда бұдан биік тасқа жайғасыңыз.
– Рахмет. Таныса отырайық. Қай өңірдің гүлі болдың?
– Көркем Керекудің қызымын.
– Керекудің керім, сұлу гүлімін де!
– Неге олай дедіңіз?
– Абайдың Шүкіманды көргенде «әй, керім қыз екен» дегені ойыма оралды.
– Абай туралы менімен ой жарыстырып әуре болмаңыз.
– Неге?
– Алтыншы сыныптан бастап Абай оқулары байқауларына қатысып, талай желкенді жүлдені желбіреткенбіз.
– Қара Ертістей ағып тұрған мына қазақшаңа қарағанда айтқандарың рас сияқты.
– Сияқты емес, анық, – деді үркіп алға ұмтылған кеудесіне қолын қойып.
– Дауласайын деп емес, тілдесіп, білісейін деп келіп едім.
– Онда ой тізгіні мен сөз төркіні өзіңізде. Сабақтаңыз, – деді көгілдір көзін бір төңкеріп.
– «Қазақшаны қалай, қашан, қай жерде үйрендің?», – деген жауыр болған сұрақтарды көлденең тарттым.
– Кешіріңіз, осы сұрақты естісем аза бойым қаза болады. Қалай десек те есті адамға қойылатын сұрақ емес. Айналайын ағатайым-ау, кез келген азамат өз елінің мемлекеттік тілін толық білуі міндет емес пе?! Қала берді, әр қазақстандыққа тым құрығанда өз елінің аумағында тек қана қазақша сөйлеу Отан алдындағы перзенттік парызының ең асылы ғой.
– Енді, биліктегілерді білесің...
– Сол биіктегі бекзаттар, өзін көтеріп отырған елдің мемлекеттік тілін әлі меңгере алмай жүргеніне сенгім келмейді. Ширек ғасырда көсіліп тұрып қазақша сөйлейтін, қазақша ғана ойлап, қазақша жазатын кездері әлдеқашан келді. Тіпті, «көк базарда» көкөніс сатып тұрған жатжұрттық базаршылардың өздері де бес-алты айда қазақша сайрап шыға келеді. Осыған қарап көңілдің көк дөнені әртарапты бір шарлайды.
– Үш тұғырлы тіл туралы ойыңды да ағытып өт.
– Үш тұғырлы тілді қолдаймын. Өйткені, мен Виктория Петровамын. Бірақ 6-сыныпқа дейін еліміздегі барлық балалар мемлекеттік тілде ғана білім алуы керек деп санаймын. Әйтпегенде ешқандай шын патриот тәрбиелеп шығара алмаймыз. Менің ата-анам бала кезімде Ресейден көшіп келген. 6-сыныптан бастап қазақша үйрене бастадым. Намысымды қамшылап, ынта қойып ынтызар көңілмен үйренген соң, сол жылы-ақ Абай оқуларына қатыстыра бастады. Қазір колледждің 4-курс студентімін. Бұйыртса, келер жылы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі деген дипломды қолыма аламын. Десем де, келешекте қазақ тілді журналист болуды көздеп жүрмін.
– Талабыңа нұр жаусын!
– Рахмет.
– Жан жадырататын жылы да әсем дауысыңа бақсам өнерлі боларсың.
– Болсақ болармыз.
– Бір өтініш айтсам бола ма?
– Аттың құны, түйенің қомы емес шығар.
– «Балқадишаны» тағы бір әуелетші.
– Осы Зеренді Балқадишаның туған жері. Оны білетін шығарсыз. Үлкен жолдан бұрылар тұстағы ескерткіші былтыр қойылыпты. Қандай ғажап. Мына табиғатты көріп қалай ғана балбыраған «Балқадиша» әнін шырқамайсың. «Дегенде Балқадиша, Балқадиша, Бұралған белің нәзік, шіркін-ай, тал Қадиша! Бір емес, екі жеңгең келіп отыр, Рұқсат бізден сізге, амал не, бар Қадиша!» деп, әсем әуенді тағыда қалықтата бастады.
Осы кезде Астанаға қайтуды ескерткен көлік қайта-қайта бипілдеп шақыруын қоймады.
– Қош бол, Керекудің көркем керім сұлуы.
– Көріскенше деңіз. Келер жылдың жазында Еуразия университетінің журналистика факультетіне тұяқ іліктіріп қалуымыз бек ықтимал.
Кеудеде қимастықтың қобызын боздатқан біз Зерендіден сырғып ағып, Астанаға қарай бет алдық...
Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,
«Егемен Қазақстан»
Ақмола облысы

Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 15:59
Министр ҰБТ-ға қатысты жаңаша өзгерістердің қандай болатынын жариялады
Білім • Бүгін, 15:45
Депутат Бақытжан Базарбек Platonus платформасының жекешеленіп кеткенін сынға алды
Парламент • Бүгін, 15:30
LRT көлік картасына өтінім беру қашан басталады?
Елорда • Бүгін, 15:29
Атырау облысы әкімінің орынбасары каратэден әлем чемпионы атанды
Спорт • Бүгін, 15:15
Таза пайда 93%-ға өсті: Бектенов «Самұрық-Қазына» директорлар кеңесінің отырысын өткізді
Үкімет • Бүгін, 14:58
Ұлттық рейтингке ілікпеген университеттер қаржыландырудан қағылады
Білім • Бүгін, 14:47
Алматыдағы көтерме базарда бағаны негізсіз көтерген 9 делдал анықталды
Оқиға • Бүгін, 14:13
Қазақстанда 34 градусқа дейін күн ысиды
Ауа райы • Бүгін, 13:51
Атырауда көпірден секірген жасөспірім құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 13:40
Үкіметте өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды
Үкімет • Бүгін, 13:30
Ұлттық банк атын жамылған алаяқтар ақтөбелік тұрғынның 5 млн теңгесін жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 13:20
«Таза Қазақстан»: Ұлытауда жыл басынан бері 2 мың тоннадан аса қоқыс шығарылды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:12