Екі күнге созылған елорда тойынан ентігімізді енді ғана басқандаймыз. Сан түрлі салтанатты шаралар, керемет кештер, көңілді концерттер, бәрі-бәрі осы тойдың жоғары дәрежеде өтуі үшін жасалған жобалар. Айтулы күндер аяқталғанымен, естеліктері ескерткіш болып санамызда сап түзері сөзсіз. Биылғы Астана күнін асыға күткендердің қатарына ОҚО, Ордабасы ауданы, Көкарал ауылының оқушыларын қосуға болады.
Өткен жылы аталған ауылда республикалық бюджет есебінен салынған 300 орындық мектеп пайдалануға берілген-ді. Жаңа білім ордасы оқуға қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Атап айтсақ, компьютер кабинеті мен интерактивті тақта және оқушыларды еңбекке баулитын арнайы кабинеттер бар. Заманауи талаптарға сай жабдықталған оқу ошағының ашылуы ауыл жұртын қуантып қана қоймай, сонымен қатар, келелі келешекке деген сенімдерін арттыра түскендей. Аталмыш мектептің ашылу салтанатында шәкірттердің үкілеген үміттерін одан әрі жігерлендіру мақсатында сол ауылдың түлектері ағайынды Мырзабек, Бабабек және Жарқынбек Кужимовтар сыйлық ретінде үздік оқыған 12 оқушы мен үздік 3 мұғалімді Астана күні қарсаңында елордамызда тегін қонақ қылуға уәде берген болатын. Уәденің аты уәде. Орындасаң сауап. Бірақ, шаруасын шардай домалатқан азаматтар үшін он бес адамды қыдырту, жатар орынға жайғастыру, ару қаланы аралату аса қиындық туғызбаған сияқты. Оның үстіне, өз ауылыңның тумалары болса бөлек әңгіме тіптен.
Сонымен, жүрдек пойыздың жүгенін босатып, шырайлы «Шымқаладан», арайлы Астанаға көрікті көш келді. Екі күнге жоспарланған серуенді сергек, қызметті қызықты атқару үшін екі автобус та дайын тұр. Жол көрсетуші жандар да әзір. Алғашқы күні «Бәйтерекке» бас сұғып, Ұлттық музейге үңіліп, «Думан» ойын-сауық орталығына жол алып, соңында кешкі Астананың кереметтеріне куә болды.
«Еліміздің жүрегі, арман қала Астананы көру біз үшін арман болатын. Бүгін, міне, Астананың ғажап жерлерін көріп керемет әсер алдық. Ол үшін Мырзабек ағамызға айтар алғысымыз шексіз. Осындай игі шараны ұйымдастырған Мырзабек ағамызды Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Кеңесбекұлы және білім бөлімінің басшысы Майхан Ыдырысұлы «Алғыс хатпен» марапаттады. Бұл да азаматтың еңбегін бағалау шығар. Әсем қала Астанамыз көркейе берсін. Ел қамын ойлайтын Мырзабектей ағалар көп болсын», – деді аталмыш мектептің мұғалімі Баян Сариева.
Ұрпақтың болашағына ұлттың әрбір азаматы жауапты емес пе. Бұл орайда Көкарал ауылы азаматтарының атқарған ісін көзге ілмей кетуге әсте болмас. Себебі, қазір садақа бермейтін сараңбайлар көбейген заман болды ғой. Ал соларға өз ақшасын қиып тұрып, ауылдастарын жиып тұрып, дүниеден азаматтықты биік қылып көрсететін осындай жігіттер үлгі болуы керек.
«Мен Астанаға келгеніме қуаныштымын. Біз алғашқы күні Есілге жол тарттық. Ерке Есілдің жағасында Астана гүлдей құлпырып, жайнап тұрды. Содан кейін Бәйтерекке бардық, Бәйтеректе Елбасымыздың қолтаңбасына қолымды қойғанда, бойымды ерекше сезім биледі. Ұлттық музейге кіргенде бірден көзімізге алтын шарлардан құралған қыран және күн оттай басылды. Бұл біздің ұлттық рәміздерімізді бейнелеп тұрды. Содан соң біз арнайы шоу көрсетіліміне қатыстық. Музейде қазақ халқының даму кезеңдерін түгел аралап, еліміздің тарихын көзбен көргендей әсер алдық. Музейден соң «Думан» ойын-сауық кешеніне бардық. Ондағы түрлі балықтар, джунгли әлемі қорқынышты болғанымен маған ерекше ұнады. Астана түнде күндізгіден де жайнай түседі екен. Біз оны түнгі Астанада қыдырған сәтте сезіндік. Астана – армандар орындалатын қала. Мен Астанаға келесі жылы қайта келуге үміттімін», – дейді М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектептің 11-сынып оқушысы Құндызай Құдайберген.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»
Астана

Елордада веломаусым ашылды: 700-ге жуық қатысушы «Таза Қазақстан» акциясына үн қосты
Оқиға • Бүгін, 20:58
Көлсайдағы оқыс оқиға: Туристік микроавтобус беткейден құлап кетті
Оқиға • Бүгін, 18:01
Алматыда ғимаратқа қан-жоса болып кірген ер адам қызметкерлердің зәресін алды
Оқиға • Бүгін, 17:31
Украиналық дрондар Екатеринбург пен Челябинскіге шабуыл жасады
Оқиға • Бүгін, 17:00
Жібек Құламбаева Қытайда өткен турнирдің чемпионы атанды
Теннис • Бүгін, 16:41
Астанада түрлі сала қызметкерлері бірлесіп ағаш отырғызды
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:04
«Таза Қазақстан»: Келешек мектебінің оқушылары сенбілікке қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 15:52
Президент Креативті индустрияны дамыту қорының кеңсесін аралап көрді
Президент • Бүгін, 15:38
Шемонаихадағы аурухана алаңынан табылған сүйектер елді дүрліктірді
Оқиға • Бүгін, 15:25
Тоқаев «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысқан азаматтарды марапаттады
Президент • Бүгін, 15:03
Президент Оқу-ағарту министрлігіне «Жасыл сабақтар» жобасын қабылдауды тапсырды
Білім • Бүгін, 14:53
Тоқаев «Таза Қазақстан» жобасын жаңа идеологияның өзегі деп атады
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:30
Мемлекет басшысы: Экологиялық қауіпсіздік ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды
Президент • Бүгін, 14:20
Президент: Тазалық ұғымы ұлтымыздың болмыс-бітіміне тән асыл қасиетке айналып жатыр
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 14:00