14 Шілде, 2016

Ресейде ғарыштан соққы беретін ұшақ шығарылады

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14-07-16-bombardirovshik

Ресейде жақын ғарыш көгінен соққы жасауға қабілеті бар өте жылдам дыбысты бомбардировщик жобасы дайындалып жатыр. РИА «Новости» агентгінің тілшісіне Ресей қорғаныс министрлігі әскери академиясы филиалының оқытушысы, подполковник Алексей Солодовников осы жөнінде әңгімелеп берді. Ол қазір перспективалы ұшақтың двигателін жасау жұмыстарына басшылық жасап жүр. «Жаңалықтың мәні мынада: ол әдеттегідей аэродромнан басқарылып, әуе кеңістігін бақылауға алатын болады. Бұйрық бойынша ғарыш көгіне көтеріліп, соққы жасауды жүзеге асырады, соның ішінде ядролық қару да болады. Сосын өз аэродромына келіп қонады. Бұл – стратегиялық бағыттағы ұшақ», - деді Солодовников. Бұдан әрі ол ұшақтың мүмкіндіктері өте кең екенін, бір-ек сағатта планетаның кез-келген нүктесіне соққы бере алатынын айтты. Подполковник ұшақтың двигателін жасаудың 2018 жлы басталып, 2020 жылы алғашқы жұмыс прототипі пайда болатынын мәлімдеді. «Двигатель екі контурлы болып шығады. Былайша айтқанда, ол атмосфера қабатында да, сонымен бірге, ауасыз кеңістікте космостық ұшу режіміне жұмыс істей алады. Осының бәрі бір қондырғыға қондырылады. Дәл қазіргі таңда Ресейде мұндай двигатель жоқ. Бір қондырғыдағы екі двигательдің бірі ұшаққа, екіншісі ракетаға арналады», - деп түсіндірді маман. Мұрат АЙТҚОЖА