Фото: reuters.com[/caption]
Немістің әйгілі Mercedes-Benz компаниясының құрылғанына 130 жыл толды. Осыған байланысты Францияның астанасы – Парижде автоконцерн басшылығы бір күндік көрме өткізді.
reuters.com ақпарына сәйкес, іс-шара барысында жаңа көліктердің үлгілері, ең алғашқы шыққан автомобильдер, лимузиндер, спортқа арналған түрлі машиналар келушілердің назарына ұсынылды. Көрмеге қатысқандар алдағы уақытта шығуы мүмкін көліктердің құрылымымен де таныс болды.
1886 жылы Германияда Мерседес-Бенц брендінің негізі қаланған. Карл Бенц пен Готлиб Даймлер алғаш рет «моторлы күймені» жасап шығарған. Алайда, оның алғашқы дизайны сол уақыттан 13 жыл бұрын шығарылған деген мәліметтер де бар.
news-avtoblog.ru сайтының хабарлауынша, 1890 жылы Готлиб Даймлер DMG (Daimler Motoren Gesellschaft) компаниясын құрған екен. Ол үш бағыт бойынша, яғни аспанда, жерде және теңізде пайдалануы тиіс қуатты қозғалтқыштарды дайындаған. Қазіргі компанияның үш тарапқа қараған эмблемасы осының арқасында жасалған екен.
Аян ӘБДУӘЛИ
• 14 Шілде, 2016
Парижде әйгілі компанияның 130 жылдығы атап өтілді

Шымкентте Nazira Gold ісі бойынша тағы бес адам сотталды
Қылмыс • Кеше
Юлия Путинцева Мадрид турнирінің екінші кезеңіне өтті
Теннис • Кеше
Президент: Орталық Азияның су қауіпсіздігі – ортақ міндет
Президент • Кеше
Тоқаев: Арал бассейніндегі экологиялық ахуал алаңдатарлық
Президент • Кеше
Президент Аралды құтқару қорының өңір үшін маңызын атап өтті
Президент • Кеше
Фонограммаға қатысты жаңа ереже күшіне енді
Мәдениет • Кеше
Жанәбіловтер ісі: прокуратура 4 жыл жаза сұрады
Қоғам • Кеше
Аралды құтқару қоры қатысушылары Ақордаға келді
Президент • Кеше