14 Шілде, 2016

Қазақстан FIFA рейтингісінде 97-орынға көтерілді

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51254" align="aligncenter" width="700"]140716-fifa Фото: sport.bigmir.net[/caption] Қазақстан ұлттық құрамасы FIFA рейтингісінде 15 саты жоғарылап, 97-орынға көтерілді. Бұл – Қазақстан футбол тарихындағы ең үздік нәтиже.

alaman.kz порталының хабарлауы бойынша, маусым айында ұлттық құрама 112-орында тұрған. Ал 7 маусымда Қытаймен өткен жолдастық кездесуде 1:0 есебімен жеңіске жеткен. Осы нәтиже үшін ФИФА Қазақстанға 47 ұпай берген.

Қазақстан соңғы рет ФИФА рейтингісінде үздік жүздікке соңғы рет 2001 жылы (98-орын) енген.

Биыл Еуропа чемпионы атанған Португалия 8-орыннан 6-орынға, ал финалға шыққан Франция 17-орыннан 7-орынға көтерілді.

1 (1). Аргентина –1585 ұпай, 2 (2). Бельгия – 1401, 3 (3). Колумбия – 1331, 4 (4). Германия – 1319, 5 (5). Чили – 1316, 6 (8). Португалия – 1266, 7 (17). Франция – 1189, 8 (6). Испания – 1165, 9 (7). Бразилия – 1156, 10 (12). Италия – 1155, ...97 (112). Қазақстан – 359. Келесі рейтинг 11 тамызда жарияланады. Аян ӘБДУӘЛИ