14 Шілде, 2016

Станимир Стоилов: «Жанкүйерлердің қолдауына зәруміз»

202 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51263" align="aligncenter" width="700"]14.07.2016 AST-2 Фото: sports.kz[/caption] «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стоилов УЕФА Чемпиондар лигасының екінші кезеңінде Литваның «Жальгирис» командасымен болған ойнның нәтижесін айтып берді. Бұл туралы egemen.kz сайтының редакциясына «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі хабарлады. —Ойын туралы не айтасыз? – Кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Бұл екі команданың келесі кезеңге шығуына мүмкіндік береді. Біздің команда келесі ойында жақсы ойнау керек. Осы матчта команданың ойынға деген көзқарасы ұнаған жоқ. Біз Чемпиондар лигасының талабына сай ойнай алмадық. — Сіз «Жальгириске» соңғы минуттарда сәттілік жетіспеді деп ойлайсыз ба? — Иә. «Жальгириске» сәттілік жетіспеді. Олар біздің қақпаға гол соғып кете жаздады. Дегемен ойынның нәтижесімен келісемін. — Азат Нұрғалиев неге негізгі құрамда болмады? — Бұл туралы айтқым келмейді. Оны ойынға тіркеу кезінде қателіктер кетті. Мен осыған тіпті ұяламын.Біз оған үміттеніп едік. — Екінші таймда «Астана» бірінші таймдағыдай жақсы ойнамады ғой. — Мен олай ойламаймын. Екі таймда да бірдей ойнадық. Егер тағы осылай ойнасақ, Чемпиондар лигасымен қоштасуымыз мүмкін. Чемпиондар лигасында бұлай ойнамау керек. Оған әрине, өзім кінәлімін. — Енді келесі матчта «Астананың» ойыны қалай болады? — Біздің қосалқы құрамда жақсы ойыншылар бар. Осы кездесуде біз соларды 50 пайызға пайдаландық. Келесі ойында жанкүйерлердің қолдауы керек. Бүгін «Жальгирис» жақсы ойнады. Дастан КЕНЖАЛИН