15 Шілде, 2016

Қашпаған қашардың сары уызы

535 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
4-бет Орал өңіріндегі марқа қозының етін өңдеу жобасы осы тәмсілді еске түсіреді Өмірде бір нәрсеге екінші бір көлденең жайт әсер етіп жатады. Бұл материалдың жазылуына қозғау салған газетіміздің облыстағы меншікті тілшісінің атына, яғни осы жолдардың ав­торына Оңтүстік Қазақстан об­лысының Арыс ауданындағы «Қостүйін» ЖШС-нің директоры Сағынбек Жолбарысхан­нан электронды пошта арқылы жібе­ріл­ген іскерлік сипаттағы хаты еді. Онда былай делінген: «Егемен Қазақстанның» беттерінен сіздің Орал өңірінен жазған материалдарыңызды көптен бері оқып келеміз. Соның ішінде соңғы екі-үш жыл бедерінде марқа қозының етін өңдеу жобасы жөнінде бірнеше дүркін жазған едіңіз. Осы кешен қазір істеп тұр ма? Біз қой өсіріп, оны өз төлі есебінен көбейтіп отырған елміз. Марқа қозылары­мыз жетерлік. Сондықтан, осы тұрғыда өзіңіз жазып жүрген жоба иелерімен байланыста болғымыз келеді. Алайда, соңғы кезде бұл жоба жөнінде ештеңе ести алмай жүрміз. Соның бір хабарын беруіңізді өтінемін. Өмірде бір нәрсеге екінші бір көлденең жайт әсер етіп жатады. Бұл материалдың жазылуына қозғау салған газетіміздің облыстағы меншікті тілшісінің атына, яғни осы жолдардың ав­торына Оңтүстік Қазақстан об­лысының Арыс ауданындағы «Қостүйін» ЖШС-нің директоры Сағынбек Жолбарысхан­нан электронды пошта арқылы жібе­ріл­ген іскерлік сипаттағы хаты еді. Онда былай делінген: «Егемен Қазақстанның» беттерінен сіздің Орал өңірінен жазған материалдарыңызды көптен бері оқып келеміз. Соның ішінде соңғы екі-үш жыл бедерінде марқа қозының етін өңдеу жобасы жөнінде бірнеше дүркін жазған едіңіз. Осы кешен қазір істеп тұр ма? Біз қой өсіріп, оны өз төлі есебінен көбейтіп отырған елміз. Марқа қозылары­мыз жетерлік. Сондықтан, осы тұрғыда өзіңіз жазып жүрген жоба иелерімен байланыста болғымыз келеді. Алайда, соңғы кезде бұл жоба жөнінде ештеңе ести алмай жүрміз. Соның бір хабарын беруіңізді өтінемін. Міне, хаттың ұзын-ырғасы осындай. Әлбетте, алыстан сәлем жолдаған ағайынға жауап беру парыз. Сондықтан, бас құрылтайшысы Рақымжан Исмағам­бетов болып табылатын марқа қозының етін өңдеуге бағыт ұстаған «Батыс Марқа Ламб» ЖШС-ның қазіргі жай-күйі жөнінде деректер жинақтай бастадық. Хат иесі жазғандай, расында да осыдан екі-үш жыл бұрын облыста республика аумағында, тіпті, ТМД кеңістігінде еш­қан­дай баламасы жоқ жарқын жобаның жүзеге асып жатқандығы жөніндегі аспан­ға шапшыған ақпараттар бірінен соң бірі ағындап жататын. Оның кеңінен таралуына сол кездегі облыстың әкімі Нұрлан Ноғаев­тың барынша мүдделі болғаны да жасырын емес. Әрине, біз мұны ол кісі­ні кінәлау тұрғысынан айтып отырған жоқпыз. Керісінше, оның облысты өзі бас­қарып тұрған тұста осындай жобаның тұсауы кесілуіне бастамашы бола білгенін әуезе етіп айтуға болады. Осы мақсатта облыстағы Ақжайық ауданының орталығы Чапаев кентінің маңайында орналасқан кешенді БАҚ өкілдеріне арнайы апарып таныстыру жөніндегі іс-шаралар дүркін-дүркін ұйымдастырылды. Қысқасы, олар кешен құрылысы аяқталды деп бір шабылды. Жоба іске қосылды деп екі шабылды. Әйтеуір марқа қозы жобасы төңірегінде әлі күнге дейін сөз көп те, іс аз болып келеді. Мұның сыры неде? Оқырманға түсінікті болу үшін бұл сауалға кеңірек жауап бергеніміз жөн. Шынында да, айтылса айтылғандай, оның экспортқа бағытталған мүлдем ерекше жоба екендігіне ешқандай талас жоқ. Тіпті, таза бренд десе де артық емес. Мамандандырылған кешен тәулігіне 1400 бас бір жасқа дейінгі еркек марқа қозының етін өңдеуге бағытталған. Кешен жағрафиялық тұрғыдан алғанда өте ұтым­ды жерге қоныс тепкен. Өйткені, Чапаев кенті күре жолдың бойы. Тоғыз жолдың торабы. Облыстың оңтүстігіндегі малды өңірлер осы ендікте. Атырау облы­сының аумағы да осы маңайға тиіп тұр. Әрине, бұл жөнінде бұған дейін де талай рет айтылып, талай рет жазылды. Енді оны тағы да қайталап айтып одан май шығарайын деп отырған жоқпыз. Айтайын дегеніміз, осындай шетелдік озық технология мен зор қуатқа ие келісті кешеннің бүгінгі күні қаңтарылып бос тұрғаны. Дегенмен, бұл арада қайта­лап айтуға тұрарлықтай тағы бір мәселе бар. Бұл жобаның 2 миллиард 600 мың теңгеге бағаланған жоғары құны. Осы қо­мақты қаражаттың 85 пайызы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-тан бөлінсе, 15 па­йы­зы жоба құрылтайшыларының өз қара­жаты болып табылады. Қазір сол қаражаттың қайтары­мы қайда? Марқа етін өңдеу жобасы 2013 жылы басталып, 2014 жылдың аяғында аяқ­­талған. 2015 жылдың басында пайда­лануға берілген. Содан бері бір жыл жеті ай уақыт өткенін есептеп шығару қиын емес. Әрине, осы мерзім аралығында бір­де-бір бас марқа қозының еті өңделмеді десек шындыққа қиянат болар. Қазіргі қол­да бар деректер «Батыс Марқа Ламб» іске қо­сыл­ғаннан кейін 25 тонна қозы етін өңдегенін көрсетеді. Пайыздық көрсеткішке шаққанда бұл мүлдем жоққа тән көрсеткіш екені де анық. Ал биылғы мөлшер төрт мың тонна төрт жүз килограмды құрайды. Иә, жоғарыда айтылғандай, күні кешеге дейін марқа қозы жобасы жөнінде қиял-ғажайып ертегіге бергісіз асқақ сөздер айтылудай-ақ айтылып келді. Оның түп-төркіні – түптей келгенде, Еуро­паға сертификатталған сапалы өнім жі­бе­ретін қалдықсыз жоба. Бұл жүздеген жаңа жұмыс орындары. Сонымен бірге, бұл жүздеген өндірістік бағытта жұмыс істейтін білікті мамандар тобы дегенге саяды. Өңірде марқа қозыларды зауытқа жеткізетін жинақтаушы алаңдар құрылып, олар логистикалық қосындар рөлін атқаратын болады деп желпінушілер де аз болмаған сол тұста. Бүгінде сол екпіннің бәрі басылып қалғандай көңіл күйге бөленеріңіз анық. Жоба неге тоқырауға тап болды? Тығырыққа неге тірелді? Журналистік зерттеулер барысында оның бірқатар объективті және субъективті себептері бар екені анықталды. Бұл арада бар кінәні мамандандырылған кешеннің бас құрылтайшысы Рақымжан Смағұлұлына аударудың қажеті жоқ деп білеміз. Керісінше, ол жергілікті тұрғындарды өз қаражаты есебінен бұған дейін беттесіп көрмеген кәсіпке бағыттау үшін Ресей астанасы Мәскеуден арнайы мамандар әкелген екен. Бұл қолдауға тұрарлық қадам деп білеміз. Гәп басқада. «Батыс Марқа Ламб» жобасының өз уақытында бауырын жаза алмай қалуының басты бір себебі – қаржылық дағдарыстың салқыны десек, қателеспейтін шығармыз. Еуропа елдеріне таза өнім шығарамыз деп өзеурегеннен ештеңе өзгермейді. Қалай дегенде де экспортқа шығарылатын бренд-өнімнің бірінші тұтынушысы Батыс Қазақстанмен көршілес Ресейдің шекаралас өңірлері екендігі талас туғыз­байды. Ашығында бұл о бастан негізінен ресейлік тұтынушылар үшін жасақталған жоба екенін айта кеткен жөн. Алайда, осы жоба іске қосылар қарсаңда Еуропа елдерінің берген санкциясының салдарынан Ресей рублінің құнсыздануы бұл рыноктың аяқ-қолын тұсап тастады. Өйт­кені, сапасы жоғары әрі сіңімділік қасиеті мол бренд-өнімді сутегінге өткізу еш­қан­дай қисынға сәйкес келмейді. Екіншіден, жоба құрылтайшыларына «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан марқа қозы сатып алу үшін белгіленген 60 миллион теңгеден астам қаражаттың дер кезінде жетпей, біраз әуре-сарсаң орын алғаны да өнім өндіруге кері әсерін тигіз­гені аңғарылады. Жарайды, осылайша бұған дейінгі істің болары болып, боя­уы сіңді делік. Ендігі істің жай-күйі не болмақ? Өңірдегі агросектор саласы өкіл­дері бүгінгі күні әп, бәлем, осы жолы бәрін де өз жолына қоятын шығармыз деп алақан­дарын ысқылап отырған сыңайлы. Кез келген өнімді өңдеу оны өндіру­ден басталмай ма? Кешенде тәулігіне 1400 бас марқа қозы сойылуы таптыра берілмейтін мүмкіндік. Күн сайын осыншама қозы зауыт конвейеріне жеткізіле ала ма? Маман­дар мұндай мүмкіндіктің бар екенін айтып отыр. Біз олардың мәлімдемесін Батыс Қазақстан облысының статистика департаментінен алынған деректермен салыстыра, қарағанда шамаға келіп қалатынына көз жеткізгендей күй кештік. Осы деректерге сүйенсек, өңірде қазіргі күні  бір миллион екі жүз мыңға жуық қой-ешкі бар екен. Облыста биылғы 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін 551 506 бас қозы алыныпты. Оның тең жартысынан астамы еркек қозы деп есептегеннің өзінде зауытқа тап­сы­ры­латын марқа қозының саны 250 000-ға дейін жетеді деп белгіленген. «Батыс Мар­қа Ламб» – облысаралық маңызы бар ке­шен. Бұған көршілес Атырау, Ақтөбе және Қызыл­орда облыстарынан, сонымен бір­ге рес­публиканың өзге де өңірлерінен түс­е­­тін шикізаттық өнімді қоса есептеген­де зауыт бұл мәселеде тапшылық көре қой­май­­ды деп түйін жасауға толық негіз бар. Әңгімемізді түйіндей келе, Орал өңірін­дегі марқа қозының етін өңдейтін маман­дан­дырылған кешеннің ісі алға жылжы­май әрі мандымай қоюының көп­шілікке беймәлім тағы бір сыры – айналым қаражатының тапшылығы. Егер осы көрініс алдағы уақытта тағы да жал­ғаса беретін болса, ұлттық бренд деп жүр­ген жобаның орнын сипап қалуымыз ғажап емес. Сондай-ақ, сол тұста екінші деңгейдегі банктер тарапынан орын алған кереғарлықтар, банк төлемақыларының тұрып қалғаны, банк операцияларының жүйесіздігі мен тұрақсыздығы, оны біресе теңгемен, біресе АҚШ долларымен төлеуге бағыт ұсталғаны да «Батыс Марқа Ламб» төңірегіндегі мәселелерді күрделендіріп жіберді. Дегенмен, үмітсіз шайтан дегендей, алдағы жақындап келе жатқан тамыз айы марқа етін өңдеушілерге бір пайдасын тигізеді деп сенгіміз келеді. Өйткені, дәл осы тамызда қозы енесінен айырылады. Бұл өз кезегінде енесінен айырылған еркек қозы зауытқа келісім бағасы бойынша тапсырылады деген сөз. Солай болса жақсы ғой, әрине. Ал бұ­лай болмаса ше? Бұған қазір ешкім кепіл­дік бере алмайды. Әзірге бұл тек көкей­де жүрген ой ғана. Қысқасы, Орал өңірін­де бүгінгі күні марқа қозының етін өң­деп Еуропа елдеріне экспортқа шығару жө­нін­дегі әңгімелер тумаған ту сиырдың сары уызынан дәметкен аңғал да аңқау аға­йын­ның тірлігіне көбірек ұқсайды. Сен­се­ңіз де, сенбесеңіз де, мұндағы қазіргі кө­р­і­ніс пен нақты айтылар шындық – осындай.  Темір Құсайын, «Егемен Қазақстан» Батыс Қазақстан облысы
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше