15 Шілде, 2016

Ресей көрмесінде таныстырылды

272 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
c05-02Таяуда ЭКСПО-2017 халық­аралық маман­дан­ды­­рыл­ған көрме­сі­нің Комис­сары Рәпіл Жошыбаев Ресей Феде­ра­циясы Индустрия және сауда министрі Геор­гий Каламановтың шақы­руымен Екатерин­бург қа­ласында өт­кен жыл са­йын­ғы 7-ші ха­лықаралық «ИННОПРОМ-2016» өнер­­­кә­сіп­­тік көрмесіне қатысты. «ИННОПРОМ-2016» 2010 жыл­дан бастап жыл сайын өт­кізілетін ең ірі әмбебап өнер­кәсіптік көрмесі болып табылады. Ағымдағы жылы көрмеге 95 ел­ден 600-ден астам ком­па­ния­ның өкілдері қатысты, сондай-ақ, 40-қа жуық келісімге қол қойылды. Көрменің тақырыбы «Өнеркәсіптік желілер», оның ішінде «Қала технологиялары», «Энергетикалық технология» және «Машина жасау технологиясы» сияқты тақырыпшалармен біріктірілді. «ИННОПРОМ-2016» ашылу салтанатында Ресей Федерациясының Премьер-министрі Дмитрий Медведев сөз сөйледі. Көрме аясында ЭКСПО-2017 көрмесінің «Болашақ энергия­сы» тақырыбы бойынша арнайы панельдік сессиясы ұйым­дасты­рыл­ды, оған ресейлік ми­нистр­л­іктер басшылары, энерге­тика, инно­вация және жаңа тех­нология­лар сала­сын­дағы ресейлік және шетел­дік ірі ком­па­ния­лардың өкіл­дері қатысты. Р.Жошыбаев сессияда сөйле­ген сөзінде «Болашақ энергия­сы» тақырыбы кездейсоқ таңдалма­ғанын атап өтті. Дәстүрлі энергия көз­дерінің ірі қорларының болуы­на қарамастан, Қазақстан «Жасыл» экономикаға көшу тұжырым­дама­сын қабылдап, іске асыруда. Бұл тұжырымдамаға сәйкес 2050 жылға дейін елдің жалпы энерго­ба­лансында жаңғырмалы энер­гия көздерінің үлесін 50%-ға дейін ұлғай­ту жоспарланған. 2017 жылы ЭКСПО көрмесінің ұйы­м­дас­тыру­шылары әлем назарын СО2 шы­ғындыларын қысқартуына, жаңар­тылатын энергия көздерінің дамуы мен тиімділігіне аударатын болады. Г.Каламанов өз сөзінде Париж­де өткен Халықаралық көрме­лер бюросының 159-шы Бас ассам­­­блеясының сессиясында Астананың ЭКСПО-2017 көрме­сіне дайындық барысы жоғары бағаға ие болғанын атап өтті. Қазіргі уақытта Ресей қа­ты­су үлгісін және тақы­рыптық ба­ғыт­­тарын дайындауда. Спикерлер көрмеге дайын­дық барысын жоғары бағалап, көрме­де баламалы және жаңғырмалы энер­гия көздері саласындағы ең жаңа­шыл, инновациялық және перс­пективалы жобалар ұсыны­латынына сенім білдірді. Сондай-ақ, Астанада ЭКСПО-2017 инфрақұрылымы негізінде БҰҰ аясындағы «жасыл» техноло­гиялар мен инвестициялық жоба­ларды дамыту жөніндегі халық­ара­лық орталықтың ашылуы туралы Қазақстан Президентінің баста­масы ерекше аталып өтті. Сессия қорытындысы бойынша Р.Жошыбаевтың ЭКСПО-2017 Ре­сей секциясы комиссарымен кез­­десуі өтті. Кездесу барысында Ре­сей павильонының мазмұндық тол­­ты­рылуы, көрме аясында Ресей Фе­­де­­ра­циясының ұлттық күні және ресейлік туристерді Астана қа­ла­сы­на тарту мәселелері тал­қы­ланды. «Егемен-ақпарат»