Жеке кәсіпкер Гүлдара Нұрымова бүлдіршіндер мен ата-аналарды қуанышқа бөледі. Ол Жамбыл ауданының Қараой ауылынан өз қаржысына «Нұрәлім» сауықтыру балабақшасын салып берді. Жаңа ғимарат 280 бүлдіршінге арналған.
– Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өңірімізде 71 мектеп, 21 балабақша және 600 орындық колледж салыныпты. Жамбыл ауданында 18 балабақша және 17 шағын орталық бар екен. Қараой ауылында 5700 халық тұрады. Міне, кәсіпкер заманға сай балабақша сыйлап отыр. Осы бүлдіршіндер өсіп-өніп үлкен дәрежеге жетсін. Осы шаңырақ балалардың шаттығына тола берсін, – дейді Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев.
Ғимараттың жалпы көлемі 3 280,0 шаршы метрді құрайды. Ал, жобаның жалпы құны – 437 млн. теңге.
Жаңа балабақша барлық заманауи талапқа сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде музыка залы, спорт залы, ойын бөлмелері бар. Балабақшаның аумағы толығымен абаттандырылған, бөбектердің денсаулығына пайдалы саябақ, спорт және ойын алаңдары бар. Мектепке дейінгі білім беру нысанында 40-тан аса жаңа жұмыс орны ашылған.
– Балабақша салу туралы ұзақ ойланып жүрдім, – дейді бұл жөнінде кәсіпкер Гүлдара Нұрымова. – Осында келген, сайын ата-аналардың өз балаларын қалаға балабақшаға тасып жүргенін көретінмін. Ойлана келе бөбекжай салуды жөн көрдім. Біріншіден, округтегі балалар көппен бірге жақсы тәрбие алады, екіншіден, тұрғындар жұмыспен қамтылады.
Білім мекемесі балаларға мектепке дейінгі білім беру және дайындауға арналған. Сауықтыру шаралары да жүргізіледі. Бір айта кетерлігі, күндіз-түні жұмыс істейді. Ата-аналар балаларын онлайн режімінде бақылай алады.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы

Imam AI: Енді жасанды интеллект діни сұрақтарға жауап береді
Жасанды интеллект • Бүгін, 17:05
Тоқаев Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсухты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Президент • Бүгін, 16:44
Моңғолияға көлікпен бару мүмкін болмақ: Президенттер төте жол салуға уағдаласты
Президент • Бүгін, 16:38
Қазақстан Моңғолияға ғарыштан бақылау жүйесін құруға көмектеседі
Президент • Бүгін, 16:29
Мұғалімдерге ерекше балалармен жұмыс істеуді үйрететін арнайы курстар енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 16:20
Астанада тәулігіне 1,5 мың тонна қалдық өңдейтін экопарк бой көтереді
Экология • Бүгін, 16:08
Баян-Өлгей аймағында Қазақстанның консулдық мекемесі ашылады
Президент • Бүгін, 16:05
Әлеуметтік дертке тосқауыл бола ма?
Мәселе • Бүгін, 16:00
Кореяда заңды жұмыс істеу: Министр келіссөздердің неге кешеуілдегенін түсіндірді
Еңбек • Бүгін, 15:57
Делиберациялы демократия – дамудың бір даңғылы
Саясат • Бүгін, 15:53
Қазақстан мен Моңғолия арасында 13 құжатқа қол қойылды
Президент • Бүгін, 15:33
Тәжікстан президенті Астанаға жұмыс сапарымен келді
Президент • Бүгін, 15:27
Астана қаласының әкімі LRT-ның қашан іске қосылатынын айтты
Елорда • Бүгін, 15:18
200-ге жуық самокат пайдаланушысы жауапқа тартылды: Полиция бақылауды күшейтті
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:58