15 Шілде, 2016

Нұх пайғамбардың кемесіне 100 млн. доллар жұмсалды (видео)

982 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51458" align="aligncenter" width="700"]150716-Nuh 1 Фото: rublev.com[/caption] АҚШ-тың Кентукки штатына қарасты Уилламстоун қаласында діни-тарихи Ark Encounter паркі ашылды. Басты қонақжайлылықтың символы – Нұх пайғамбардың алып кемесі. ihsan.kz сайтының ақпары бойынша, тарихи кеменің ұзындығы – 155 метр, ені – 25 метр, ал биіктігі 15 метрді құрайды. Сонымен қатар, жобаға 100 миллион доллар қаржы жұмсалған екен. Жаңадан ашылған орынға келушілер Нұх пайғамбарға арналған экспозицияны, оның жер бетін топан су басқан кезде тиеп алып, құтқарып қалған жан-жануарлардың мүсіндерін, сондай-ақ динозаврларды да  көре алады. [caption id="attachment_51461" align="aligncenter" width="667"]150716-Nuh 2 Фото: mk.ru[/caption] «Answers in Genesis» жобасын дайындағандар Құдайдың адамдарды, динозаврларды бір уақытта жаратқанына сенімді. Демек, пайғамбардың тұсында бұл жыртқыштар өмір сүрген. Алайда, ғалымдар олардың адамзат пайда болғанға дейін 65 миллион жыл бұрын жер бетінен жойылып кеткен деген пікірлерін алға тартуда. Кемені бас-аяғы 6 жылда жасап шығарған екен. Болжам бойынша, бұл орынға алғашқы жылы 2 миллионға жуық адам келеді. Аян ӘБДУӘЛИ