17 Шілде, 2016

Үшқоңырда бал шырын шығады

407 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_51680" align="aligncenter" width="700"]???????????????????????????????????? Фото: Ерлан Әлиасқаров[/caption] Алматы облысы, Қарасай   ауданында австралиялық қондырғының көмегімен  жемісті  сығу арқылы Қазақстанда  ең  бірінші  болып    «ECO JUICE»  шырыны   шығарылуда.  Дәмі тіл үйіретін бал шырынның   ерекшелігі құтысында болып тұр. Қант пен   бояуды жолатпай тек жемістің   сөлін   ғана сығып құйылған     ыдысын ашып, шөліңізді  басқан  соң  қалғанын  үш айға дейін сақтауға болады.  Осы уақыт аралығында сусынның дәмі бастапқы қалпынан өзгермей   балғын қалпын сақтайды. Республикамызда   алғаш рет қолданысқа енген бұл технологияның басты ерекшелігі немесе ұтымды тұсы сусын құйылатын бэгинбокс - қораптағы қалта   деп аталатын пакетте шағын   шөлмек  орнатылған.  Тұтынушылар алма, алмұрт, сәбіз және қызылша шырынын өзге тетропакеттер сияқты емес, тек қораптағы белгіленген орыннан осы   шөлмекті шығару арқылы ыдысқа құйып ішеді. «Ауданымыздағы 100   жуық бау-бақша бірлестігінен жиналған өнім  іріктеліп,  өңделіп    осы  бір  өндіріс  орнында  бір сағатта 500 литр шырын шығарылады. Сонымен қатар 150 келі алма тосабы алынады. Негізі 2008 жылы «Kazakh Cool» деген атаумен өз ісін бастаған серіктестіктің негізгі мақсаты жемісті өңдеп, сақтау болатын. Бірден 2200 тонна өнімді германиялық технология арқылы ұзақ мерзімге дейін сақтай алатын камераларымен ерекшеленеді.  Заманауи жоғары технологиялы жеміс-жидек қоймасы қазіргі таңда тек атауын өзгертіп қана қоймай, жаңа серпілістер мен мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Осылайша, нарыққа жаңа жылдан бастап шығып, ешқандай қантсыз, қоспасыз дәмі тіл үйіретін  шырыны алдағы уақытта қазақстандық дүкен сөрелерінен ғана орын алып қоймай, алыс-жақын шетелдерге де экспортталмақ»  деді   Қарасай   ауданының   әкімі  Махабат  Бигелдиев. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ Алматы облысы, Қарасай ауданы    
Соңғы жаңалықтар

Терраса тақтасы

Ғылым • Кеше