Францияның Ницца қаласында болған террорлық шабуыл кезінде Қазақстанның 4 азаматы қаза тапты. Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Қазақстан азаматтары: Панченко Любовь (1956), Панченко Марина (1983), Панченко Сильвия (2013) және Отто Наталья (1959) Ниццадағы теракт кезінде қаза тапты. Туған-туыстарына және жақындарына көңіл айтамыз. Сыртқы істер министрлігі туыстарына барлық жағдайды жасайтын болады», – делінген твиттер арқылы таратқан хабарламасында.
Осыған дейін Ниццада орын алған лаңкестіктен соң, оқиға орнында болған қазақстандық бір отбасының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, 14 шілде күні кешке таман Бастилияны басып алу күніне байланысты отшашуды көруге жиналған халықты жүк көлігін мінген қаскөй екі шақырым бойына қағып жүрген. Көп ұзамай жүргізушінің көзі жойылып, ДАИШ лаңкестік ұйымының содыры екені анықталды.
Аян ӘБДУӘЛИ

Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Қазақстан шетел азаматтарына виза алу тәртібін жеңілдетті
Қазақстан • Бүгін, 11:58
Маңғыстау облысында 100-ден астам жылқы қырылып қалды
Аймақтар • Бүгін, 11:47
Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде финалға шықты
Спорт • Бүгін, 10:52
Киевте белгісіз біреу атыс шығарды: 6 адам қаза тапты, 14 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 10:03
19 сәуірге арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:35
Синоптиктер ескерту жариялады: Бірқатар облыста үсік жүреді
Ауа райы • Бүгін, 09:19
Тұлға • Кеше
Ауа райы • Кеше
Иран Ормұз бұғазын қайта жапты
Әлем • Кеше