22 Шілде, 2016

«Әзірет Сұлтан» қызметкерлері «Жылаған ата» үңгіріне барды (фото)

756 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
220716-zhilagan ata 1 «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің қызметкерлері «Жылаған ата кереметі» тақырыбында танымдық экскурсияға барып қайтты. «Əзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мəдени қорық-музейінің құрамындағы діни-рухани ескерткіштердің бірегейі Жылаған ата Түркістан қаласынан солтүстік-батысқа қарай Қаратау бөктерінің жартасты шатқалында орналасқан. Бұл жерге Қарашық, Жүйнек, Қарнақ, Шерт (Серт) елді мекендері арқылы баруға болады. Үкаша атадан әрі қарай Қаратау арасымен бірнеше шақырым көлікпен жеткен соң шың-құз арасындағы соқпақпен тағы да үш шақырым жерді жаяу жүруге тура келеді. 220716-zhilagan ata 2 Музей қызметкерлерімен бірге сапарлас болып өлкетанушы Түркістан қаласының құрметті азаматы, зейнеткер ұстаз Тұрғанбай Салғараев та барып, Жылаған ата жайлы көптеген аңыз-әңгімелерімен бөлісті. Түрлі деректер талқыланып, пікір алмасулар болды. 220716-zhilagan ata 3 Жылаған ата орналасқан жерінің әсем табиғаты мен саф таза ауасы өте керемет, жолдың қиындығынан әзірге келушілер легі көбейе қоймаған. Болашақта бұл мәселе шешілгеннен кейін тек Қазақстаннан емес басқа да елдерден келушілер саны артады деген болжам бар. Сапар соңында музей қызметкерлері өз ризашылықтарын білдіріп, ғажап кереметтілікті барынша көріп, тамаша рухани демалысты сезініп, Түркістанға қарай кері қайтты. Аян ӘБДУӘЛИ