Фото: profi-news.ru[/caption]
Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болған 10 мың 410 адам ұсталды. Бұл туралы бейсенбі күні әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Ясин Актай мәлімдеді.
Оның айтуынша, жалпы қолға түскендердің арасында 287 адам – полицей, 7423-і – әскери қызметкер, 2014-і – судья және 686 адам – ел тұрғыны.
Айта кетейік, өткен жұма күні, 15 шілдеде Түркия билігі елде әскери төңкеріс ұйымдастыруға әрекет жасалғанын хабарлады. trend.az мәліметінде әскерилер сол түні биліктің өз қолдарына өткенін, алайда сенбі күні таңертеңгісін бұл іске қатысы бар сарбаздардың ақырындап беріле бастағаны айтылады.
Мәліметтерге қарағанда, қақтығыс салдарынан 200-ге жуық адам қаза тауып, мыңнан астамы жарақат алған.
rt.com ақпарына сәйкес, Түркияның әділет министрі Бекир Боздаг алдағы уақытта өлім жазасы қайта күшіне енуі мүмкін екендігін айтып өтті.
«Халық арасында жазаның ең ауыр түрін қолдайтындардың көптігі байқалады. Біздің президентіміз осыған дейін қажет жағдайда тиісті заңға қол қоятынын мәлімдеген. Еуропа Одағының бұл іске қатысты талабын да ескеретін болатынбыз. Дегенмен біз үшін халқымыздың ұстанымы маңыздырақ», – деді Бекир Боздаг.
Аян ӘБДУӘЛИ
• 22 Шілде, 2016
Түркияда әскери төңкеріс жасамақ болғандар ұсталды

Ел экономикасына 3,5 трлн теңге инвестиция салынды
Инвестиция • Бүгін, 10:50
Сақ болыңыз: Банктер мен мемлекеттік органдардың жалған сервистері пайда болды
Қоғам • Бүгін, 10:32
Инватакси қызметіне өзгерістер енгізіледі: Жаңа талаптар қандай?
Қоғам • Бүгін, 10:24
Астанада көпқабатты үйден өрт шықты: Балалар құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 10:17
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Ауа райы • Бүгін, 09:48
Қазақстанда жүргізуші куәлігін алу рәсімі өзгереді
Қоғам • Бүгін, 09:32
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:18
Шаруашылық • Бүгін, 09:15
Еріктілер еңбегі қалай бағаланады?
Волонтер • Бүгін, 09:10
Зейнетақы қорындағы қаражат бейберекет жұмсалмауға тиіс
Қаржы • Бүгін, 09:05
Мәселе • Бүгін, 09:00
Нұртілеу турнирі мәресіне жетті
Спорт • Бүгін, 08:57
Кәсіптік оқыту платформасына сұраныс
Білім • Бүгін, 08:55
Руханият • Бүгін, 08:53
Шикізаттан дайын өнімге: Экономиканың жаңа моделі
Экономика • Бүгін, 08:50