09 Ақпан, 2011

Көңіл айту жеделхатын жолдады

432 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі әнші, КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Халық Қаһарманы Роза Бағ­ланованың өмірден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен ту­ған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабар­лады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. «Роза Тәжібайқызы табиғат берген таңғажайып дауысымен, тамаша орындаушылық шеберлігімен, азаматтық және отансүйгіштік асыл қасиеттерімен халқымыздың ерекше құрметі мен махаббатына бө­лен­ген жан еді. Оның орындауында кез келген әлем халықтарының әндері өзгеше құлпырып, тыңдаушының құлақ құрышын қандыратын. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол майдан даласын аралай жүріп ән шыр­қап, жауынгерлерді ерлікке жігерлендірді. Өзі өмірден озғанымен, ол кісінің мол ән мұрасы ғасырлар бойы халқымыздың жүрегін баурап, жанына нұрлы шуақ сыйлай береді деп сенемін», делінген жеделхатта.