23 Шілде, 2016

Премьер-Министрді қабылдады

251 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
22-07-01 Кездесу барысында К.Мәсімов Елбасына ел дамуының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, басты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, сондай-ақ, Жер реформасы жөніндегі комиссияның қазіргі қызметі туралы баяндады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы жыл соңына дейін бірқатар маңызды міндеттерді шешуді қамтамасыз ету қажеттілігін атап өтті. – Біріншіден, экономикалық көр­­­сет­кіштердің төмендеуіне жол беріл­­меуі тиіс, ол үшін бар­лық жағ­­дай жасалған, қажетті қара­жат­тар бө­лін­ген, жұмыстың тиісті ба­ғыт­­тары анықталған. Екіншіден, ас­­тық жинау мен күзгі-қысқы кезең­ге да­йын­дық мәселелеріне назар ауда­­ру қажет. Сонымен бірге, ЭКСПО-2017 көрмесі мен 2017 жыл­­­ғ­ы қысқы Универсиадаға әзірлік­ті жалғ­ас­тыру керек, – деді Қазақ­стан Прези­денті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев елдің одан әрі индуст­­рия­­лық-инновациялық дамуын қам­тамасыз ету және тұрғын­дар­дың әл-ауқатын арттыру үшін шара­лар қабылдау қажеттігіне назар аудар­ды. Сондай-ақ, Елбасы жуық арада Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмыс нәтижелерін ұсынуды тапсырды. – Тамыз айының соңында біз Үкіметтің кеңейтілген отыры­сын өткізіп, алдын ала қорытын­ды­ларын жасау және әрі қарайғы іс-қи­мыл­ды айқындау үшін бар­лық атал­ған мәселелердің шеші­мін әзір­леуді сұраймын, – деді Мем­лекет басшысы. Елбасы кездесу қорытынды­сы бойынша бірқатар нақты тапсыр­ма берді. Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ