23 Шілде, 2016

Сенат Төрағасы Женевада халықаралық ұйым басшыларымен кездесулер өткізді

277 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
23-07-Tokaev Жуықта Женевада жұмыс сапарымен болған Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар халықаралық ұйымдардың басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. БҰҰ бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры Майкл Мёллермен кездесу ба­ры­сында халықаралық күн тәр­ті­бі­нің өзекті проблемалары, БҰҰ-ның Қарусыздану жөніндегі кон­ференциясының қызметі бойынша пікір алмасу болды. М.Мёллер Қа­зақ­станды 2017-2018 жылдарға БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақ­ты емес мүшесі болып сайлануымен құт­тықтап, елімізге осы жауап­ты мис­сияны жүзеге асыруда табыс тіледі. Президент Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Әлем. XXI ғасыр» мани­фесінің негізгі ережелеріне әңгімелесушінің назарын аудара отырып, Қ.Тоқаев Қазақстанның бастамасы бойынша 2015 жылғы 7 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Ядролық қарудан азат әлем құруға қатысты жалпыға бірдей декларацияны іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті. Сенат Төрағасы БҰҰ-ның Женевадағы кеңсесінің басшысын Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығына байланысты ағымдағы жылғы 29 тамызда Астанада өтетін «Ядро­лық қарусыз әлем құру» атты халық­аралық конференцияға шақырды. Дүниежүзілік сауда ұйымы­ның Бас директоры Роберто Азеве­до­мен кездесу барысында жаһан­дық саудадағы негізгі үрдіс­тер, экономикалық реформалар, ин­вес­тициялық саясат және экономи­каның басым секторларын қолдау шаралары туралы әңгіме болды. Қ.Тоқаев Р.Азеведоға Президент Н.Назарбаевтың сәлемін жеткізе отырып, IX Астана экономикалық форумына нәтижелі қатысқаны үшін алғыс білдірді. Сенат басшысы Р.Азеведоға 2017 жылғы мау­сымда Астанада ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрменің ашылуына арналған іс-шаралар жайлы айтып берді. Жоғарғы палата Төрағасы қазақ­ста­ндық депутаттардың үкі­метпен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасай отырып, еліміз­дің ДСҰ-ға мүше болуы жағдайын­дағы ұлттық экономикамыз үшін қатер­лерге де, мүмкіндіктерге де тұрақ­ты негізде талдау жүргізетінін атап өт­ті. Жаңа парламенттік сессия­да Парламенттің заң шығару қыз­ме­тін­де бәсекеге қабілеттілікті арт­ты­ру басым бағыт болып қала бер­мек. Мемлекет басшысының тап­сыр­­масы бойынша барлық қаржы­лық рәсімдердің ашықтығын қам­та­ма­сыз ету мақсатында бірыңғ­ай са­лық және кеден кодексі қара­ла­тын бо­лады. Монополияға қарсы сала ре­фор­масы да жалғасын таппақ. Қ.Тоқаев Халықаралық Қызыл Крест комитетінің президенті Петер Маурермен де кездесті. Қазақстан Сенатының Спи­кері ХҚКК-ның қару­­лы қа­қ­т­ы­ғыс­тар жағдайында адам­д­ар­дың өмірі мен абыройын қор­ғау, гуманитарлық көмек көр­сетуді қамтамасыз ету, сон­дай-ақ, халықаралық гума­ни­­­тар­­лық құқықтың негізгі ере­же­­лерін әзірлеу және іске асыру жө­нін­дегі айрықша маңыз­­ды қызметін атап көрсетті. Сенат Спи­кері­нің пі­кі­рін­ше, Қазақ­стан­ның 2017-2018 жыл­дарға БҰҰ Қауіп­сіз­дік Ке­ңе­сі­нің тұрақты емес мү­шесі бо­лып сайлануын, сон­дай-ақ, қа­зақ­­стан­дық әскери қыз­мет­ші­лер­дің ха­лықаралық бітім­герші­лік мис­сия­ларға қатысуы арта түс­­­­ке­нін ескере отырып, қазіргі кезең­­­­­де Қазақ­­стан мен ХҚКК-ның өзара іс-қи­мылы ерекше маңызға ие болуда. Қ.Тоқаевтың БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы Кристиан Фриис Бахпен кездесуінде БҰҰ-ның өңірлік жобалары тура­лы, атап айтқанда, Орталық Азия экономикалары үшін арнайы бағ­дар­лама (СПЕКА) туралы пікір ал­масу бол­ды. Сенат Спикері су ресурс­тарын басқару, Арал өңі­рін оңалту, энер­­гетиканы дамы­ту про­блема­ла­ры­н­а және басқа да мәселелер­ге әңгі­­­ме­­­лесу­­шінің на­зарын аудар­ды. Қ.Тоқаев оған Қазақ­станда еліміз­дің эко­­­но­­ми­ка­сы мен қоғамдық ты­­­ныс-тір­­ші­лігін жан-жақты жаң­ғы­р­­­­­­т­у­­­­­ға б­а­ғыт­талған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының іске асы­ры­­­­­лып жат­­қандығы жайлы айтып берді.