23 Шілде, 2016

Сенім грамотасын тапсырды

317 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
23 07 - posol Бейсенбі күні Қазақстан Респуб­ликасының Грек Рес­пуб­ликасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алексей Волков Грек Республикасының Пре­зиденті Прокопис Павлопулосқа сенім грамотасын тапсырды. Сал­танатты шара Афинадағы Пре­зидент сарайында өтті. Сенім грамотасы тапсырылғаннан кейін Грекия басшысы қазақстандық елшіні қабылдап, өзара сұхбат барысында лауазымға тағайындалуымен құттықтай келіп, Қазақстан-Грекия ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бағытталатын жұмысына сәттілік тіледі. Прокопис Павлопулос грек тарапы екіжақты қатынастарды жан-жақты дамытуға қызығушылық танытып отырғанына тоқталды. Ал Қазақстан елшісі Грекия секіл­ді тарих пен мәдени мұраға бай мем­лекетте қызмет жасау үлкен мә­р­тебе және зор жауапкершілік екенін атап өтті. Алексей Волков Қазақ­стан Республикасының Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың ыс­тық ықы­ласты сәлемін жеткізді. Екі­жақ­ты қатынастарды әрі қарай өрбіту перс­пективаларын талқылап, шарттық-құқықтық базаны кеңейту, туристік мүмкіндікті жаңа деңгейге көтеру, қазақстандық-грекиялық сауда-экономикалық және мәдени-гума­нитарлық ынтымақтастығын дамыту мәселелерін атап өтті елші, сондай-ақ, Грекия тарапын 2017-2018 жылдары  БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне Қазақстанның кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдіріп, Грек Республикасының ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне қатысу, екі мемлекет арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстарды жандандыру жайында сөз қозғады. Өз кезегінде Грекия Президенті Қазақ­станның халықаралық арена­дағы жетістіктерін жоғары баға­лап, Грекияның Қазақстан Респуб­ли­ка­сым­ен саяси және экономика­лық бай­ланыстарды нығайтуға мүд­делі екендігін тағы да айрықша атап өтті. Кездесу соңында Грекия басшысы елші Алексей Волковтан Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы сәлемін жеткізуді өтінді. «Егемен-ақпарат»