09 Ақпан, 2011

Елбасы қабылдады

303 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Рес­пуб­ликасының Австрия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ержан Қазыхановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Е. Қазыханов Президентке Елшіліктің 2010 жылғы қызметі туралы баяндады. *  *  * Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Респуб­ли­касының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілі Қайрат Абдрах­мановты қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ. Абдрахманов еліміздің Президентіне Қа­зақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысындағы Тұрақты өкілдік қызметінің қорытындылары туралы баяндады. – Мемлекет басшысы Қазақстанның 2011 жылы ЕҚЫҰ «Үш­тігінің» мүшесі ретіндегі негізгі міндеттерін айқындап берді. Бұдан басқа, мен Нұрсұлтан Әбішұлына ЕҚЫҰ-ның мүшелері Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау өтетіні туралы шешімді жоғары бағалағанын баяндадым, – деп мәлім етті Қ. Абдрахманов журналистерге арналған брифингте.