11 Ақпан, 2011

Тәрбие тәлімі

624 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Елбасы Н.Назарбаев Қазақ­стан халқына Жолдауы мен «Ға­сырлар тоғысында» атты еңбе­гінде көне мәдени мұраларды жинап қор­ландыру, зиялы қауымға мем­лекеттік тілде әлемдік ғылыми ой­лардың, мә­дениет пен әдебиеттің үздік жетістіктері негізінде гуманитарлық білім берудің толым­ды қорын жасауды міндеттеген еді. Елбасының осы тарихи стра­те­гиялық бағыт-бағдарын іске асы­ру жолында про­фес­сор Ш.Бер­кімбаева бастаған Қазақ мемлекеттік Қыздар педагогикалық уни­вер­си­тетінің бір топ ғалымдары 2004 жылдан бері Қазақ тәлімінің 30 ғасырды қамтитын 10 том­дығын шы­ғару (редакторы және құрас­тырушы профессор С.Қа­лиев) ісімен үздіксіз айналысып келеді. Таяу­да Тәлім антология­сының соң­ғы 9 және 10 томдарын «Сөз­дік-Сло­варь» баспасы арқы­лы шы­ғарып, оқырман көпшілік­ке ұсынды. Антологияның әр томы әр дәуір­дің мәдени мұраларын сөз ету­ге арналған. Мәселен, бірінші том «Жыр тағылымдары» деп ата­ла­ды. Онда ауыз әдебиеті үлгі­лері­нің халықтық тәлім өнегелері маз­мұны мен мәніне қарай 41 тар­мақ­шаға бөлініп, жыр, тақпақ, толғау, жұм­бақ, мақал-мәтел, ай­тыс түрлерінде берілген. Онда ба­ланың денесін, ақыл-ойын жетілдіру, еңбекке, өнер­ге баулу, төрт түліктің пайда­сы, қоршаған орта­ның сырын та­нып білуге баулу, аңшылық пен қолөнерінің адамға пайдасы, жас ұрпақты мергендікке, батырлыққа, шыншылдыққа, адалдыққа тәрбие­леу т.б. мәселе­лерге зер салынған. “Қарасөз тағылымдары” деп ата­­латын екінші томда халық ертегі­лерінің мазмұны мен мәнін ашу­дың жол­дары көр­сетілген. Бұл томның ха­лық ме­дицинасына арналған бө­лімін­де ауру-сырқауларды, жануарлар ағзасы мен өсімдіктердің гүлі­мен, тамырымен емдеудегі халық­тық бай тәжірибелер сөз болады. Үшінші том “Көне жазба мұралар та­ғы­лы­мы” деп атал­ған. Онда біз­дің жыл санау дәуірі­міз­ден бұ­рын­ғы 1-мың­­жыл­­дықтағы Заратуштра, Авес­та жыр­лары, Анахарсис, Тұмар, Зарина патша­лар­дың ерлік істері жа­йындағы аңыз­дар мен жазба деректер, “V-VIII ғғ. жазба та­ғы­лымдар” (Орхон жазуы, Оғұз қа­ған, Қарлұқ Ке­мең­гер, “Ырқ біліг” ескерткіштері) – “IX-XIII ғғ. мұ­сыл­­мандық та­ғы­­лымдар (Қор­қыт ата, Әл-Хорез­ми, әл-Фараби, Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Ж.Бала­са­ғұ­ни, М.Қаш­ғари, А.Иүг­неки, А.Иасауи т.б.) ту­ра­лы мағ­лұматтар берілген. Төртінші том “Хандық дәуір­дегі (XV-XVIII ғ.ғ.) билер мен ақын-жыраулардың тәлімдік ой­лары­на” арналып, Майқы би, Асан қайғы бастаған қазақтың 30-ға тар­та шешен-билері мен ақын-жы­рау­лар­дың ой-толғаулары ұсынылған. Бесінші том “Қазақстанның Ресейге бағыну кезіндегі ағарту­шы­лық-демократиялық ойлар” деп ата­лып, оған Шоқан, Ыбы­рай, Абай, Шәкәрім бастаған 14-15 ағарту­шы ақын-жазушылар ең­бек­тері­нен үзінділер берілген. “Кеңестік дәуірдегі педагогика ғылымының қалыптасып да­муы” деп аталатын алтыншы томда А.Бай­­тұр­сы­нов, М.Дулатов, Х.Дос­мұ­ха­медов, Н.Құлжанова, Ж.Ай­мауы­тов, М.Жұ­мабаев, Қ.Жұбанов, М.Әуезов бастаған ағартушы қо­ғам қайрат­керлерінің ғылыми еңбектері, оқу­лық­тары мен оқу-әдістемелік құ­рал­дарының маз­мұны баяндалған. Жетінші том “Мерзімді басы­лымдар та­ғылымы” деп аталады. Онда “Да­­­ла уәлаяты”, “Түркістан уәлая­ты”, “Қазақ” газеттері мен “Ай­­қап”, “Мұғалім”, “Абай” жур­нал­дарынан бастап, XX ғ. аяғына дейінгі әр жыл­­дарда жарық көр­ген 100-ге тарта газет-журналдар беттерінде жа­рия­­ланған оқу-ағарту, мектеп, ұлт мәдениеті жайындағы мақала­лар­дың үзінділері сұрып­та­лып ұсыныл­ған. Сегізінші том “Шетел ға­лымдарының қазақ тәлімі жөніндегі ойлары” деп ата­лып, бес бөліммен бе­рілген. 1-бө­лімде ежелгі тарихтың ата­сы Геродоттан бастап, Аммиани Марцеллин, Гильом де Рубрук, Плано Карпини, Марко Поло­лар­дың (IX-XIII ғғ.) еңбек­терінен үзін­ділер келтірілген. 2-бө­­лім­де қы­тай, моң­ғол, жапон ға­лымдары Су-­Би­хай, Ваң Минжы, Уан Пинхуа, Ваң Хуан, Тың Шымин, Вэй Лэнтоо, Уан Чилун, Цевен Жамерано ең­бек­тері­нен үзінді­лер берілген. 3-бө­лім­де пар­сы, араб саяхатшы ға­лым­­дары­ның (IX-XV ғғ.) көшпен­ділер мәде­ниеті жөнін­дегі жаз­­ба­лары ұсы­ныл­ған болса, 4-бө­­лімде XVIII-XX ғ.ғ. Ресей, батыс Еуропа ел­дерінің 14-15 сая­хатшы ға­лым­­дары­ның қазақ мәде­ниеті жөнін­дегі жаз­балары берілген. Ал 5-бө­лімде XIX аяғы мен кеңестік дәуір кезіндегі XX ғ. Ресей отар­шы­лары­ның тота­литарлық сая­сатын әшкере­л­ейтін АҚШ, Канада, Австралия ға­лым­дары еңбектерінен үзін­ділер ұсы­нылған. Оныншы томда егемен Қазақ­станда қазақ халқымен бірге ең­бек етіп, ұлттар достығын күшей­туге тиісті үлес қосып отырған мәдени орталық өкілдерінің бала тәр­биелеу дәстүрлері сөз болған. Антология томдарын құрас­тыру­­шы ғалымдар тарихи құжат­тар мен архив материалдарының, сондай-ақ шетел тілдерінде жа­рия­л­анған еңбектердің аударма­лары­ның түпнұсқамен сәйкес­ті­гіне, фотосуреттер мен түсініксіз сөздерге түсініктемелер беруге мұ­қият зер салып, орасан еңбек сіңірген Мәулен ҚҰДАЙҚҰЛОВ, педагогика ғылымдарының докторы. Серік НЕГИМОВ, филология ғылымдарының докторы.