24 Шілде, 2016

Мәскеулік грузин жастары «Мен сені сүйемін» жобасын таратты (видео)

333 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

24-07-16-gruzia-1

Мәскеуде тұратын жас грузиндер кеңесінің лидерлері «მე შენ მიყვარხარ»/ «Мен сені сүйемін» деген Ресей-Грузия біріккен жобасын жүргізіп жатыр. «Sputnik-Грузия» агенттігінің тілшісі Алена Савельева осыған орай жобаны ұйымдастырушылардың біріне жолығып, оған бірнеше сұрақ қойды. Жауапты Ресейдегі федералды ұлттық-мәдениет автономиясы жанындағы грузин бөлімшесі жас лидерлері кеңесінің кураторы, МГУ-дің журналистика факультетінің түлегі Сандро Иванов берді. - Андро, өз жобаларыңыз туралы талдап айтыңызшы. Оның мәні неде? -Жобаның мәні барынша қарапайым. Оған әрбір қатысушы жас қыз бен жігіт өзінің ең жақын адамдарына – ата-анасына, ең жақын басқа да адамдарына жеке-жеке бар болғаны «მე შენ მიყვარხარ» немесе «Мен сені (сізді) сүйемін» деп айтады. Келісетін шығарсыз, әкең мен шешеңе немесе басқа бір сүйікті адамыңа дәл мұндай сөз айту пәлендей қиындық туғыза қоймайтын шығар. Мұның есесіне, осындай сөз естіген адам барынша мәз болып қалады. Ол адамның көңіл күйін күрт көтеріп жібереді. Біз жобаны сондықтан да жастарды өз жақындарына осы сөзді жиі айтып үйренулеріне дағды алдыру мақсатында өмірге енгіздік. Және бұл сөзді орыс немесе грузин тілдерінде ғана емес, жастар өздері қарым-қатынас жасай алатын кез келген тілде білдіре алады.

24-07-16-gruzia-2

- Мұндай жоба жасау жөніндегі идея қалай туып жүр? -Осыған ұқсас акция, сәл басқаша пішімде, бұдан алдын Тбилисиде өткен болатын. Онда «Имеди» телеарнасының журналистері көшеде кетіп бара жатқан жүргіншілерге жолығып, өздерінің ата-аналарының аттарын атап беруді өтінген еді. Маған осы сюжет қатты ұнап қалды. Сосын жігіттермен ақылдаса отырып, осыған ұқсас, бірақ көтеретін жүгі мен мазмұны сәл басқаша бір жобаны ойлап табуға шешім қабылдадық. Ойлана келгенде, осы идея туындады. -Сондықтан ролик түсіріп көрдіңіздер ғой? -Иә. Негізі, жобаның идеясы 19 маусым күні қолға алынған еді. Сол күні біз, кеңес мүшелері, Георгий скверіндегі Шота Руставели ескерткіші жанына жиналып, алдымен өз ата-аналарымыз бен жақындарымызға телефон шалып, оларға өздерін сүйетіндерімізді жеткіздік. Әсер керемет болды. Сол сәттің бәрін түсіріп алып, видеоға жинақтадық. Нәтижесінде 30-ға жуық адам роликке кірді. -Жобаны бұдан әрі де жалғастыра бересіздер ме? -Сөзсіз. Біз бұл жобаны сонымен қатар Санкт-Петербургтегі «Тергдалеулеби» | «თერგდალეულები» грузин жастары ұйымына ұсындық. Олар да қазір осындай ролик дайындап жатыр. Бұдан бөлек, Владикавказдағы грузин жастары да бастамаға қосылмақшы болып отыр. Дамир ҚОЖАМҚҰЛ https://youtu.be/cvuAXwDKgH0