Фото: tass.ru[/caption]
Германияның Ансбах қаласында жарылыс болып, 12 адам түрлі дене жарақатын алды. ТАСС ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, қаза тапқан бір-ақ адам. Ол – жанкештінің өзі. Дәрігерлер дер кезінде көмекке жеткенмен, оны аман алып қала алмады. Ал полиция қызметкерлері шабуыл жасаған адамның жалғыз екенін айтты.
Мәліметтер бойынша, оқыс оқиға қаланың орталық тұсындағы мейрамханалардың бірінде болған. Қазіргі таңда 200-ге жуық тәртіп сақшысы, 350 құтқарушы және өрт сөндірушілер қызмет етуде. Алғашында, бұл іске қатысы бар күдіктілерді іздеу үшін арнайы тікұшақ жұмылдырылған екен.
Ал rbc.ru бұл істі Сириядан келген босқын жасағанын хабарлады. Жергілікті прокурор Михаэль Шретбергер оның Ансбахқа екі жыл бұрын келгенін мәлімдеді. Өткен жылы Германия азаматтығын алу үшін өтініш беріпті, бірақ жергілікті билік оған азаматтық соғыс аяқталғанға дейін қалуға рұқсат еткен екен.
Ішкі істер министрі Йоахим Херрманн сириялықтың осыған дейін екі рет өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. Қазір оның радикалды топтармен байланысының бар-жоғы анықталуда.
Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Мюнхен қаласында атыс болып, 10 адам қаза тапқан болатын.
Аян ӘБДУӘЛИ

Павлодарда жер опырылып, екі жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 19:00
Қарашығанақ жобасы: газ жеткізу мен баға мәселесі талқыланды
Қазақстан • Бүгін, 18:40
Алматыда дәстүрлі V Фараби форумы қорытындыланды
Форум • Бүгін, 18:12
Рае Квон Чун: Қазақстан климаттық сын-қатерлерді жаңа мүмкіндіктерге ұштастырып отыр
Ғылым • Бүгін, 18:03
Астанада Ә.Бөкейхан көшесінен №9 қалалық емханаға дейінгі жол бірнеше айға жабылады
Елорда • Бүгін, 17:51
Перизат Қайраттың Mercedes-Benz көлігі Астана полициясына берілді
Оқиға • Бүгін, 17:43
Шетелдік автосаяхатшы Алматының көрікті жерлерін аралады
Туризм • Бүгін, 17:12
Гимнасшылар Хорватиядан үш жүлдемен оралды
Спорт • Бүгін, 17:03
ЖИ көмегімен жасалған мультфильм кинотеатрдан көрсетілді
Қоғам • Бүгін, 16:53
Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады
Президент • Бүгін, 16:41
Президент Қазақстанның Корея мен Мьянмадағы елшілерін тағайындады
Тағайындау • Бүгін, 16:32
Жеңісбек Төлен: Ғылым маңызды салаға айналды
Ғылым • Бүгін, 16:16
Петропавлда 2 жасар бала терезеден құлап кетті
Аймақтар • Бүгін, 16:05
Ішкі істер министрлігі 34 жасырын есірткі зертханасын жойды
Есірткі • Бүгін, 15:55
ҚазҰУ-да үстел үсті спорттық ойындарынан чемпионат өтті
Спорт • Бүгін, 15:34