11 Ақпан, 2011

Халықтар достығы – басты байлығымыздың бірі

1801 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Кеше Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейбітшілік пен келісімнің 20 жылы: еркіндік, бірлік, тұрақтылық, өркендеу» атты тақырыпта  Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық семинар-жиналысы өтті. «Ассамблея – еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтас­тық пен тұрақтылықтың құтты шаңырағы», деген Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев егемендігімізге қол жеткізген сәттен бастап, бүгінгі күнге дейін халықтар дос­тығы мен ұлтаралық татулыққа ерекше назар аударып келеді. Бұл қазақ жеріндегі өзге этностарға жасалған құрметтің анық дәлел-айғағы. Бұл ретте, халықтар достығы негізінде жұмыс жасап келе жатқан Қазақстан хал­қы Ассамблеясы институтының ма­ңы­зы зор болса, республикалық деңгейде өткізілген семинар-жина­лыс отырысы бұл күні екі секция арқылы жүзеге асты. Пленарлық мәжіліс мақсаты – қазақстандық барлық ұлт өкіл­дері­нің бірлігін, келісімін, тату­лы­ғын, олардың еркіндігі мен тұ­рақ­тылы­ғын қамтамасыз етуге, сонымен қоса, Қазақстан халқы Ассамблея­сы негізінде туындап жүрген мәсе­лелерді шешу жол­дары­на арнал­ды. Қанатының ас­тын­д­ағы 130-дан астам ұлт пен ұлыстарға бір атаның бала­лары­ндай көзқарас танытуды басты мақсат ету жо­лын­да құрылған Ассамблея ісі – қасиетті іс. Оған пленарлық мәжі­ліс барысында көз жеткіздік. Қа­зақ­стандық ға­лым­дар мен қоғам қай­рат­кер­лерінен құралған оты­рыс­қа Қа­зақ­стан халқы Ассамб­лея­сы Төр­аға­сының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғ­­жанов, Байланыс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов, Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар мен ҚХА жанындағы ғылы­ми-бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның өкілдері қатысты. Онда 2011 жылғы 28 қаңтардағы «Бола­шақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Президенттің Қазақстан хал­қына Жолдауы мен Қазақстан Рес­публикасы Тәуелсіздігінің 20 жыл­ды­ғын мерекелеу шара­лары­на ерек­ше көңіл бөлінді. Бұл жө­нінде пленарлық мәжілістің моде­ра­торы Ералы Тоғжанов кеңінен баяндады. Пленарлық отырыстың ең ұтым­­д­ы жағы аймақтық ассам­блея­­лар хатшылықтарының, министр­ліктер мен ведомстволардың өзара қарым-қатынасын ұйымдастыруда өздері­нің ұсыныстары мен пікірлерін орта­ға салып, мемлекеттік органдар мен аймақтық хатшылық­тардың өкіл­дері өздерін толған­дырып жүр­ген сұрақтар төңіре­гін­де сөз қоз­ғауы­мен байланысты болды. Байла­ныс және ақпарат вице-министрі Нұрай Оразов сөзінің барысында министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Пленарлық отырыстан кейін, этносаралық қатынастар саласын­да жұмыс жүргізу және ғылыми жобалар мен әлеуметтік зерттеулерді іске асыру әдістемелері, олардың тәжі­ри­бедегі тиімділігін арттыру бойын­ша жан-жақты пікір алмасулар мен кеңестер өтті. Аймақтық ассамблеялар меңгеру­шілері мен ғылыми-сараптамалық топ басшыларына арналған басқосу екінші секция жұмысы арқылы жалғасын тапты. Жұлдыз БАЙДІЛДА.