Алыс ауылдардағы дүкендердің сиқы бәрімізге белгілі ғой... Бір бөлмеге тауарды үйіп тастаған. Тазалығын былай қойғанда, тар болғандықтан ішінде айналып жүретін жер жоқ. Аттап бассаң бір затқа шалынасың. Дүкен иесі әйтеуір, саудасы жүргеніне мәз.
Жақында Жуалы ауданының ең шалғайда жатқан Қошқар ата ауылына барғанда маңдайында «супермаркет» деген жазуы бар дүкенді көріп, аң-таң болғанымыз рас. Ойбай-ау, Қошқар ата дегеніңіз облыстың шетінде, желдің өтінде жатқан ауыл емес пе? Қыс түсе қошқараталықтар орталықпен қош айтысып, жол қатынасы тіптен қиындап, күн жылынғанша терең сайда тым-тырыс жатып алады. Ендеше сыртпен байланысы аз осындай шағын ауылдан супермаркет ашу қаншалықты тиімді? Аты бар да, заты жоқ сауда орны болар деген күдікпен әлгі дүкеннің есігін аштық. Жоқ, алыс ауылдағы мына супермаркеттің қаладағы сауда орындарынан бір мысқал да кем емес екен. Іші кең әрі сәнді, сосын тауарға да өте бай. Тіпті, ауылдықтар үшін жат көрінетін темір арбалар да тұр. Біз бас сұққан он-он бес минуттың ішінде төрт-бес тұтынушы сауда жасап кетті.
– Өмір бойы осы сауда саласында еңбек етіп келемін, – дейді супермаркет иесі Ләззат Нұрпейісова. – Сондықтан бұл саланы бір кісідей білемін. Рас, алғашында шалғайдағы ауылда саудамыз жүре ме, жоқ па деген сұрақ мазалаған. Бірақ біз тауарды көп әкелудің арқасында осы төңіректегі ауылдардың көтерме сауда орталығына айналдық. Қыс түсе жақын ауылдар, тіпті, көрші Оңтүстік Қазақстан облысы, Бәйдібек ауданының кейбір елді мекендері бізден келіп тауар алып тұрады. Өйткені, қыстың қытымыр күндерінде де біз орталықпен байланысымызды үзбей, барлық тауарларды уақтылы жеткізіп отырамыз. Және барлық затқа өз бағасының он пайыздай көлемінде ғана үстемақы қоямыз.
Иә, шынында сөредегі бағалар тым қымбат емес. Тіпті, кейбір заттардың бағасы әлдеқайда төмен екеніне көз жеткізген кейбір әріптестерім қалталарын қарманып, сауда жасап жатты. Міне, «Балуанға оң-терісі бір» демекші, тірліктің көзін тауып, еңбек ете білетіндер үшін табыс кілті дала-қала боп бөлінбейтінін осы жолы анық аңғардық. Айтпақшы, шалғайда жатса да шаруасы түзеліп келе жатқан Қошқар атаның тұрғындары үшін тағы бір қуанышты жағдай бар. Ауылдың биік жерінен екі қабатты жаңа мектеп ғимараты бой көтеруде. Ескі мектеп ғимаратының іргетасы 1967 жылы қаланған екен. Күтіп-ұстаудың арқасында бүгінге жетті. Әйтсе де ауыл әкімі Мелдебек Айдосовтың айтуына қарағанда, бұл ескі ғимаратты алдағы уақытта күрделі жөндеуден өткізіп, бір жағынан балабақша ашып, бір бұрышын ауылға келген жас мамандарға баспана ретінде бермек екен. Ауылдың айбынын асқақтатып, ажарын ашып тұрған 250 орындық жаңа мектеп ғимаратында алдағы оқу жылында алғашқы қоңырау соғылады.
Оралхан ДӘУІТ,
«Егемен Қазақстан»
Жамбыл облысы,
Жуалы ауданы,
Қошқарата ауылы

Ломбард қызметіне қойылатын талаптар күшейе ме?
Қаржы • Бүгін, 15:56
Елімізде неке жүзігі 45%-ға қымбаттады
Қоғам • Бүгін, 15:46
Қазақстанда жаңа саяси партия құрылуы мүмкін
Партия • Бүгін, 15:30
Астанада заманауи зертханалық кешен құрылады
Елорда • Бүгін, 15:12
Дәрілік заттарды тіркеу және нарыққа шығару ісі жеделдетіледі
Медицина • Бүгін, 14:55
Мемлекет басшысы Түркияның Вице-президенті Джевдет Йылмазбен кездесті
Президент • Бүгін, 14:38
Мешіттен 175 мың теңгелік аяқ киімді ұрлап кеткен күдікті ұсталды
Оқиға • Бүгін, 14:30
Аймақтар • Бүгін, 14:15
Ирландияда Халықаралық волонтерлер жылы аясында «26 for 26» акциясы басталды
Волонтер • Бүгін, 13:55
Атыруда ЖИ арқылы 4500-ден аса құқықбұзушылық анықталған
Технология • Бүгін, 13:42
Астанада бірқатар бағытта қосымша автобустар шығарылды
Елорда • Бүгін, 13:33
Павлодарда түзеу мекемесінің қызметкері пара алғаны үшін сотталды
Жемқорлық • Бүгін, 13:21
Алматыда биыл 2 мыңнан астам жаяу жүргінші өткелі жаңартылады
Алматы • Бүгін, 13:10
Депутаттар қоғамдық марапаттарды заңмен реттеуді талап етті
Заң • Бүгін, 13:05