Кеше Орталық коммуникациялар қызметінде «Денсаулық», «Жәрдем» және «Саламатты Қазақстан» медициналық пойыздары жобасының іске асырылу барысы туралы» тақырыбында баспасөз мәслихаты болып өтті.
«Мемлекет басшысы Жолдауының көлік медицинасын дамыту атты негізгі басымдығын іске асыру мақсатында жоғарыда аталған медициналық пойыздарды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосты. Мұндай әлеуметтік жобаны іске асырудағы басты мақсат, медициналық қызметтердің осы түрлерін алуға мүмкіндігі жоқ, шалғай елді мекендердің тұрғындарына консультативтік-диагностикалық медициналық көмек көрсету болып табылады. Медициналық пойыздың вагондарында дәрігерлердің кабинеттері, диагностикалық корпус, тіркеу бөлімі, тамақтану және демалу блоктары орналасқан. Стоматолог, дерматолог, уролог, маммолог, гинеколог, невропатолог, кардиолог, терапевт, отоларинголог, педиатр, окулист сияқты мамандарға кезекке тұрғандар көп. Пойызда УДЗ-диагностикалау, таңу, емшаралық кабинеттер және шағын хирургиялық ота жасайтын операциялық блок қарастырылған. Барлық кабинеттер толықтай компьютерленген. Сандық флюрографиялық аппарат рентген түсірілімін пациенттің жылдам алуын қамтамасыз етеді, тапсырылған талдаманың нәтижесі де көп күттірмейді. Осы жылы медициналық пойыздар еліміз Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған республикалық акция аясында жұмыс істейді», – деді ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкілі Р. Иманқұлов.
«Дертіне шипа тауып, денсаулығы жақсарған жандар бізге көптеп хат жазып, алғыстарын айтып, ақжарма тілектерін жолдап жатады. Мұның өзі еңбектің жанғаны емес пе», – деді ол.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»

Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен тыс қалды
Кәсіпқой бокс • Бүгін, 14:42
Жылдамдықты 59 рет асырған: Астанада Porsche жүргізушісі қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 14:34
Көркем гимнасшылар Ташкентте күміс алды
Спорт • Бүгін, 14:18
Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?
Білім • Бүгін, 12:02
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48