Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесі ұлттық спорт түрлері мен саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Асық ату» және «Бес тас» І жалпықалалық жарысын өткізді.
Бұл бәсекенің ерекшелігі мен артықшылығы – оған отыздан астам ақсақалдың қатысуында дер едік. Жарысты ұйымдастырған «Қазақ тілі және мәдениеті» облыстық ұйымының, «Мирас» кеңесінің және «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері аталар үлгісі ұлттық ойынды осылайша жаңғыртуды жөн санапты.
– Біз құрметті еңбек демалысында жүрсе де аталарымыз бен әжелеріміздің саламатты өмір салтын насихаттаудағы, жастардың бойына ұлттық дәстүрлеріміздің тәлімдік маржандарын ұялатудағы белсенді қызметіне ризашылық білдіреміз. Қазыналы қарттарымыз өз үлгісімен өскелең ұрпақты асыл ойлар мен биік мақсаттарға жетелей беретіндігі қуанышты. Бойларыңыздан қуат кетпей, ақылшымыз болып жүре беріңіздер, – деді жарыстың ашылу салтанатында Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова.
Ереже талаптарына сәйкес «Асық атуға» қатысушылар жарқыраған сүйектерді шеңберден мүмкіндігінше көбірек шығаруы қажет. Жүздері шат қариялардың қолындағы асықтар ұршықша иіріліп, ауыр соққымен дөп тиіп жатқанына көрермен дүркіретіп шапалақ ұрумен болды.
– Әрине, бала кезімізде барлығымыз асық ойнадық. Бұл ең қызықты дәурен еді. Оқудан қолымыз босасымен әшекейлі дорбамыздағы қорғасын құйылған сақалармен жердің шаңын шығаратынбыз. Одан бері де қаншама уақыт өтті, бүгінгі жарыс көрігін қыздырған шалдар балалық шаққа оралғандай күй кешуі қандай ғанибет, – дейді бізбен тілдескен ҰҚК бастауыш ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Сайлаубай Ыбыраев.
Осыдан болса керек, жарысқа қатысушылардың барлығы шебер ойын көрсетіп, жеңіске деген жігер танытты. Әрине, балалық шақтың «рекордтарын» қайталамаса да мергендігімен көзге түскендерге қызыға қараушылар көп болды. Тартысты жарыста қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шиап Әлиев бірінші, ал Хабиболла Ғазизов пен Жұмағали Жұрымбаев жүлделі орындарды еншіледі.
Әжелер арасындағы «Бес тас» бәсекесінің қызығы бір төбе еді. Мұнда Жібек Балабекова алдына жан салмады. Қазылар алқасының шешімімен Күлмаш Самаева екінші, Кенжебай Смағұл үшінші орынды еншіледі.
Жарысқа қатысушылардың барлығы көрермендерге қуаныш сыйлаумен қатар, сый-сыяпаттарға ие болды. Жарысты ұйымдастырушылар бұл бәсекенің дәстүрлі сипат алатынын атап өтті.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан»
Көкшетау

Үкіметте қазақ тіліндегі контент үлесін арттыру мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 13:04
Емдік су және бірегей табиғат: Алакөлге барудың бес себебі
Туризм • Бүгін, 13:02
Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 12:53
Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?
Парламент • Бүгін, 12:50
Қазақстанда шетелдік шаруаларды жұмысқа алу талаптарын жеңілдету ұсынылды
Парламент • Бүгін, 12:27
Шомылу маусымына дайын: Алакөл жағалауында инфрақұрылым жұмыстары толық аяқталды
Туризм • Бүгін, 12:20
Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54