27 Шілде, 2016

Волейбол. Қазақстан ширек финалға шықты

848 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_53287" align="aligncenter" width="700"]27.07.2016 AST-2 Фото: Қазақстан волейбол федерациясы[/caption] Осы күндері Таиландта волейболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында Азия чемпионаты өтіп жатыр. Бұл сынға Қазақстан құрама командасы да қатысуда. Чемпионаттың топтық турнирінде отандастарымыз үш ойында екі рет жеңіске жетіп, ширек финалға шықты. Қазақстан құрамасы алдымен Сяньган командасын 3:1 есебімен жеңсе,  екінші ойында  Қытайдан 0:3 есебімен ұтылды. Ал үшінші кездесуде Жаңа Зеландия құрамасын 25:17, 25:17, 25:16 есебімен ұтты. Осы жеңістен кейін Елена Павлованың командасы «В» тобында екінші орын алды. Ширек финалда Қазақстан волейболшылары Оңтүстік Корея немесе Қытайдың Тайпей командаларының арасында өтетін ойында жеңген құрамамен кездеседі. Азия чемпионаты 31 шілде күні аяқталады. [caption id="attachment_53283" align="aligncenter" width="700"]27.07.2016 AST-1 Фото: Қазақстан волейбол федерациясы[/caption] [caption id="attachment_53284" align="aligncenter" width="700"]27.07.2016 AST Фото: Қазақстан волейбол федерациясы[/caption] Дастан КЕНЖАЛИН