28 Шілде, 2016

Алақанға сыйған әлем

303 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
???????????????????????????????????? KazEOSat жерсеріктері қаланың көпіріне дейін бақылап тұр Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен адамзат баласының ғарышқа ұшуына 55 жыл толуына орай Астана­дағы Ұлттық ғарыш орталы­ғы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз турын ұйымдастырды. Журналистер қауымын «Ғарыш қалашығының» жобасымен және Қазғарышқа ведомстволық бағы­нысты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы қызметінің тыныс-тіршілігімен оның пре­зи­денті міндетін атқарушы Марат Нұрғожин таныстырды. Елбасы Жарлығымен құрылып, қызметке кіріскен бұл ұлттық ком­панияның қызметі бүгінде үш негізгі бағытта жүргізіледі. Оның бірі – ғарыш қызметі саласында ағымдағы, ұзақ мерзімді және салааралық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу болса, екіншісі – Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық міндет­терін шешуге бағытталған ғарыш технологияларын енгізу және үшін­шісі – ғарыш жүйелері мен кешендерін құру жөніндегі тәжі­рибелік-конструкторлық жұмыс­тарды жүргізу болып табылады. БАҚ өкілдерін «Ұшуды бас­қару орталығы» залына бастап кел­ген Марат Рахмалыұлы бұл жер­­де әлем тура алақандағыдай көрі­­нетінін айтады. Бұл, әрине, өзі­міз­дің отандық «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» ғарыштық жер­серік­терінің тікелей көмегімен жүзе­ге асады. Сонымен қатар, бұл күнде еліміздің «қос қанатына» айнал­ған аппараттарымызды бақы­­л­ау ар­қы­лы, осы жерден бас­қары­ла­ды. Біз аталған залға кірген бет­те-ақ алып мониторлы экраннан зең­гір көкте қалықтап жүрген қос қар­лы­ға­шымызға – KazEOSat-1 мен KazEOSat-2 жерсеріктеріне көзіміз түсті. Санды деректерден құрал­ған коор­динаттарды оқыған маман­дар­дың мәлімдеуінен түйгеніміз, «KazEOSat-1» жерсерігі Үндістан үстінен ұшып бара жатқан болса, «KazEOSat-2» Алтай тауларының басын шалған ақ бұлттың арғы жағында жүзіп барады. Айта кетейік, 2014 жылдың 30 сәуірінде Куру ғарыш айлағынан (Франция, Гвиана) KazEOSat-1 айыру қабілеті жоғары тұңғыш қазақстандық жерсерігі құрылғысы табысты ұшырылды. Бұл бірінші қазақстандық Жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі аппаратының түсіру өнімділігі тәулігіне 220 000 шаршы шақырымды құрайды. Ал түсіру алабының ең ұзындығы – 2000 шақырым. KazEOSat-2 – екінші ғарыш аппараты ел Үкіметінің тапсырысы бойынша «SSTL» британдық компаниясының «SSTL-150+» жерсеріктік платформасы негізін­де жасалған. Жоғары дәлдікті жер­серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымы 2014 жылы іске қосылған болатын. Екі жобаның да мақсаты еліміздің аумағында ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйелердің ақпарат тұтынушыларын сапалы қызмет­терімен қамтамасыз ету болып табылады. Атап айтқанда, карто­графия мен геодезия; жерге орна­ластыру және кадастр; ауыл шаруашылығы; геологиялық бар­лау жұмыстары мен ұлттық қауіп­сіздік сынды көптеген сала­лар­дың қызметін жеңілдететін аппа­рат­тарымыздың игерілмей жат­қан әлеуеттері әлі де болса баршылық. Астанадағы «қисық көпір» ғарыштан бақыланады Жоғарыда «қос қарлығашы­мыздың» межеленген мақсат-міндетін айтып өттік. Енді, соның айғағы ретінде нақты бір мы­сал келтірелік. Қайбір жылдары Астана қаласындағы қоғамды дүр сіл­кін­дірген «қисық көпірдің» шы­нын­да да қисық салынуы жұрт­тың жағасын ұстатқаны жасы­­рын емес. Бөгенбай даңғылы мен Алаш тас жолының түйіскен тұсын­да жүргізілген күрделі құры­лыс ныса­нын салу барысында кет­кен олқы­лық кейіннен қайта түзе­ліп, қалпына келтірілгені бар. Алай­да, бірнеше жыл мерзімінен кешеуіл­деп қолданысқа беріліп, бүгінде ел игілігіне қызмет етіп жат­қан бұл көпір қазір асқан дәл­дік­пен мұқият бақылауда екенін біреу білсе, біреу білмес. KazEOSat-2 аппаратының көме­гі­мен ғимараттардың, ин­же­нер­лік құрылыстардың, стра­те­гия­­лық маңызды нысан­дар­дың (АЭС, ГРЭС, ГЭС), бөгет­тер­дің, дамбалардың жағдайына мони­торинг жүйесін енгізу және төтен­ше жағдайлардың алдын алу есе­бінен арттыруды қамтамасыз ету көзделген. Дәлдігі жоғары отан­дық навигация жүйесінің жұмы­сын Дифференциалды түзету және мони­торинг орталығын көріп, сәй­кес­тікті бағалау зертханасын ара­­ла­­ғанда жете түсінгендей болдық. Асылында, біз әрі-бері зымы­рап күнде өтіп жататын әлгі «қисық көпірімізді» осы ор­та­лық мамандары қалт жібер­­мей қада­ғалап-ақ отыр екен. Әрине, өзі­міздің отандық аппа­рат­тары­мыз­дың көмегімен. Бұл жердегі дәлме-дәлдіктің шебер ұштасатыны сон­шалық, көпір үстіндегі кептеліс мәселесі жайына қалады. Дөңес әрі бұрылысқа негізделген бұл өткелдің бір бұрышына орнатылған арнайы құрылғылар мұндағы көлік қозғалысының жылдамдығы мен жол жабындысының құрамын анықтап, оның астындағы металл-плита­лардың, тіреу-бағаналардың берік­т­ігін немесе оларға түсер салмақтан орын алатын ауытқу­шылықты миллиметрлік дәлдікпен айқындап бере алады. Демек, егер бұл жерде қандай да бір төтенше жағдай болу қаупі төнсе, оның алдын ала алатынымыз сөзсіз. Осылайша, Қазақстан тәуелсіз­дік жылдарында ғарыш саласын қарқынды дамыта алды. Бұған еліміздің халықаралық деңгейде жүзеге асырып жатқан жарқын жобалары дәлел. Мәселен, бүгін­гі таңда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ әлем­дік жетекші компаниялардың ресми дистрибьюторы болып табы­лады. Олардың қатарында өз еліміз бен Орталық Азия (Өзбек­­­стан, Қырғызстан, Тәжік­стан, Түрік­менстан) елдері мен АҚШ, Канада, Корея сынды мем­лекеттердегі әріп­тес компаниялары жет­кілік­ті. Олар жерсеріктерінен оптика­лық және радарлы деректер тара­ту жөніндегі ақпараттар алмасу­да. Демек, еліміздің ғарыш сала­сы ғылыми-технологиялық мақсат­тағы салалық жүйесін құру арқы­лы ұлттық компания меншікті жоба­сын сәтті жүзеге асырып келеді. Нұрлыбек ДОСЫБАЙ, «Егемен Қазақстан» Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ, «Егемен Қазақстан»