Кеше Астанадағы Қазақстан Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Халық қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, авиация генерал-майоры, ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің 70 жасқа толуына орай мерекелік шара өтті.
Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің мерейтойына арналған жиынды ашқан Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов бірінші кезекте Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мерейтой иесіне арнаған құттықтау хатын оқып берді.
«Құрметті Тоқтар Оңғарбайұлы, 70 жасқа толған мерейтойыңыз құтты болсын. Сіз халқымыздың біртуар, мақтан тұтар даңқты ұлдарының бірісіз. Жастай қиын да қатерлі әскери ұшқыш мамандығын меңгеріп, бойыңыздағы табиғи дарыныңызбен және ержүректілігіңіздің арқасында осы салада тамаша табыстарға қол жеткіздіңіз.
Сіздің есіміңіз космонавтиканың тарихына қазақ халқының ғарыш көгіне көтерілген тұңғыш өкілі ретінде енді. Еңбектеріңіз бұрынғы Кеңес Одағы мен егемен еліміздің ең жоғары мемлекеттік наградаларымен атап өтілді.
Жауапты мемлекеттік қызметтер атқарып, Парламент депутаты болып сайланып, еліміздің Тәуелсіздігін нығайтуға өз үлесіңізді қостыңыз. Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық пен құт-береке тілеймін. Ұзақ та бақытты өмір сүріп, халқымыздың қошеметіне бөлене беріңіз, тойыңыз тойға ұлассын», – делінген құттықтау хатта.
Одан әрі Иманғали Тасмағамбетов батыр ұлдың ерлікке толы өмір жолы, еліне сіңірген еңбегі тұрғысында кеңінен әңгімелеп берді.
Бұрынғы Кеңес Одағының, Ресей мен Еуроодақ елдерінің ұшқыш-ғарышкерлері, Қазақстан әскери авиациясының ардагерлері, еліміздің Әскери-әуе күштерінің қолданыстағы ұшқыштары, Ақмола өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері қатысқан шарада Кеңес Одағының Батыры, сынақшы-ұшқыш, полковник, 6 мәрте авиациялық рекорд орнатқан Георгий Мосолов, Тоқтар Әубәкіровтің командирі, Кеңес Одағының Батыры, кеңестік және ресейлік ұшқыш-ғарышкер Александр Волков, МИГ-29 және МИГ-29М ұшақтарының бас конструкторы Валерий Новиков, жазушы, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері Сәбит Досанов, мемлекет және қоғам қайраткері Оралбай Әбдікәрімов және басқалар сөз сөйлеп, қазақтың батыр ұлына ізгі тілектерін жеткізді.
Жиын барысында мерейтой иесінің құрметіне орай еліміздің эстрада жұлдыздары өз өнерлерін ұсынды.
Жолдыбай БАЗАР,
«Егемен Қазақстан»

Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15
Қазақша контент неге трендке сирек шығады: Мәселе тілде ме, форматта ма?
Қоғам • Бүгін, 16:01
Әлем • Бүгін, 15:52
Ақтөбедегі «ақылды» өткел: NAZAR технологиясы жаяу жүргіншілерді қалай қорғайды?
Қоғам • Бүгін, 15:45
TikTok дәуіріндегі журналистика: Қысқа видео қоғамға не беріп жатыр?
Технология • Бүгін, 15:41
Еліміздің оңтүстігінде өрік гүлдеді
Ауа райы • Бүгін, 15:30
АҚШ өзге ғаламшарлықтар туралы құпия құжаттарды жариялауы мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:24
Нью-Йорк қалың қардың құрсауында қалды
Әлем • Бүгін, 15:13
2 наурыздан бастап «Отбасы банк» үй кезегіндегілерге арналған талаптарды өзгертеді
Қоғам • Бүгін, 15:07
Мемлекет басшысы Эстония Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05
Жазушылар мен өнер иелері жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 14:57
Милан-Кортина Олимпиадасына қатысқан отандастарымыз елге оралды
Қысқы спорт • Бүгін, 14:39
Алматыда халықаралық деңгейдегі тау-шаңғы курорты іске қосылмақ
Олимпиада • Бүгін, 14:32
Оқушылар наурызда 11 күн демалады
Білім • Бүгін, 14:20
Маңғыстау облыстық кітапханасының ұжымы жаңа Конституцияға қолдау білдірді
Аймақтар • Бүгін, 14:03