Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арналған тың жоба – «Ұлттық музей сенің қалаңда» мәдени туры Атырау қаласында жалғасын тапты.
Келушілердің назарына «Ұлттық музейге саяхат» және 3Д графикалық бейнероликтері ұсынылды. Жергілікті тұрғындар тәуелсіз Қазақстанның брендіне айналған еліміздің ең құнды жәдігерлерінің бірегейі «Алтын адамды» тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Ұлттық музей атыраулықтар назарына 10 сирек туындыны ұсынды.
Сонымен қатар, облыстық тарихи-өлкетану музейінде өткен іс-шара «Музейдегі түн» акциясына ұласты.
– Біздің «Музейдегі түн» акциясын ұйымдастырудағы мақсатымыз – тәуелсіздіктің символы «Алтын адам» жәдігерін облыс халқы толық көрсе деген ниеттен туындаған. Сондай-ақ, жастарға құрт, жент, диірменмен тартып, тарыдан талқан алу секілді ұлттық тағамдардың дайындалу тәсілін, археология саласы бойынша қыш құмыра жасаудан шеберлік сабағын өткізу арқылы салт-дәстүрден алшақтамауды дәріптейді. Шараға келушілерге арнап «сынақ» ойынын ұйымдастырып отырмыз. Мәселен, екі топқа бөлініп, иінағашпен су тасу, ағаш үйді құру секілді ептілік пен күштілікті айқындайтын жайттардан сүрінбей өткендерге мұражайдың барлық жәдігерлер бөлмелерін аралап көруге, суретке түсу үшін тегін абонент беріледі, – дейді облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Рашида Харипова.
Айта кетейік, «Ұлттық музей сенің қалаңда» акциясы биылғы 27 маусымнан Орал, Ақтөбе қалаларынан бастау алып, қала тұрғындары ықыласына бөленген болатын. Үш күнге созылған мәдени турға Атырау облыстық әкімдігі қолдау білдірді.
Қаршыға КҮЛЕН

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше