Ойыл ауданы – ақ тарының атасы атанған Шығанақ Берсиев туған өңір. Ауданда бұрынғыдай көлемде болмағанмен, қазір де тары өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары бар. Солардың ішінде “Жақып” шаруа қожалығының бұл бағыттағы шаруасы ширақ. “Бизнестің жол картасы-2020” бағдарламасы аясында 2,7 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант ұтып алған қожалықтың суару техникалары және тарыны стандарттық жобада қаптайтын станогы болады. Шаруа қожалығына тарыны өткізу үшін мемлекеттік стандартқа сай сертификат берілген, болашақта арнайы патент алуға құжаттарын тапсырып қойған. Шаруа қожалығының басшысы Жұмабай Жақып тары дақылын зерттеу бойынша халықаралық ұйымның мүшелігіне өтіп, оның тағамдық құндылығын терең зерттеу жұмыстарына қатысқан. Шет мемлекеттерде өткен семинарға да қатысып қайтыпты.
Шаруа адамының тары өсірумен айналысып жүргенін де білетінбіз. 2000 жылы 20 гектер алқаптың әр гектарынан 25 центнер таза өнім алды. 2012-2013 жылдары 140 гектарға егілген тарының әр гектарынан 14 центнер өнім алып, облыс көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Биыл суармалы әдіспен 120 гектар жерге тары егіпті.
Тарының адам денсаулығына пайдасы зор. 2015 жылы Астана қаласында өткен тамақтың құндылығы жөніндегі үлкен конференцияға қатысқан Жұмабай Жақып ғалымдармен бірлесіп, тарыны шетелдерге шығаруды ойластыруда екен. Осылайша, оның тарыны тек Ақтөбенің ғана емес, бүкіл Қазақстанның брендіне айналдыру ойы бар. Ал, әзірше, «Жақып» шаруа қожалығының басшысы тарыны Ақтөбе, Атырау және Астана қаласына апарып өткізумен шектелуде.
Жұмабай Жақып тары өсірудің де, сатудың да үлкен қиындық тудырмайтынын тілге тиек ете келіп, құнарлы тағамдық дақылды өңдеу, тазарту, қуыру, түюдің машақаты бастан асатынын жеткізді. Жиналған өнімнің барлығын өңдей алмайтындықтан ол тарыны шикілей өткізуге басымдық беруде.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше