Елімізде жастардың кәсіп ашуына, өзіндік идеяларын жүзеге асыруына жаңа мүмкіндік пайда болды. Ол былтырғы жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан – «Startup Bolashak» жобасы. Аталған байқауға Қазақстанның 18-29 жас аралығындағы жас буын өкілдері, сонымен бірге, жобалық топтар қатыса алады. Осыған орай Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында жобаның биылғы жоспары талқыланып, талап-ережелері түсіндірілді.
– «Startup Bolashak» бизнес байқауының екінші маусымындағы жүлде қоры 30 миллион теңгені құрап отыр. Байқауға қатысу үшін өтініштер 2016 жылдың 23 қыркүйегіне дейін «Даму» қорының барлық өңірлерде ашылған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Жоба 8 бағытты қамтиды. Олар – бизнес ортасын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, қайырымдылық, дене шынықтыру мен спортты дамыту, мәдени және патриоттық іс-шаралар. Қатысушыларға қойылатын негізгі талап – тың, әрі «Қазақстанда жасалған» деген идеяны қалыптастыру», – деді, «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің мүшесі, «Даму» қорының басқарма төрағасы Қуаныш Тілеушин.
«Айта кетейік, өткен жылы «Startup Bolashak» байқауының бірінші маусымы қорытындыланып, жеңімпаздар көлемді қаржыға ие болып, өз істерін бастап кеткен болатын. Олардың қатарындағы 1-орынды жеңіп алып, 10 млн. теңгені қанжығаға байлаған Әділет Елеусов «Нейтрон» ғылыми-сауық зертханасын ашса, екінші орынды еншілеген Елдос Баялышбаев 8 млн. теңгеге ие болып, дертке шипа Алакөлде мұқтаж жандарға арналған «Асар» пансионатын ашқан болатын. Ал 3-орын алып, 5 млн. теңгені еншілеген Бақтыгүл Қасымова «Алау» шыны бұйымдарын өңдеу және өндіру шеберханасын қолға алған. Осы жобалардың мақсаты жас буынның зияткерлік әлеуетін арттыру, идеяларын халық арасында насихаттауды жүзеге асыру», – деді ол.
Жеңімпаздардың есімдері қарашаның 26-сы күні өтетін бизнес-жоспарлар марафонында белгілі болады.
Айман МҰҚЫШЕВА

Путин Пасха мерекесіне байланысты уақытша бітім жариялады
Әлем • Бүгін, 11:14
«Таза Қазақстан»: Полиция 3 мыңнан астам заңсыз қоқыс үйіндісін жойды
Экология • Бүгін, 10:47
Волонтерлік және азаматтық бастамаларды дамытуға 1 млн теңге грант беріледі
Волонтер • Бүгін, 10:35
Ақтау қаласы маңынан оқ-дәріге ұқсас зат табылды
Оқиға • Бүгін, 10:30
Саясаткер: Таяу Шығыстағы тұрақсыздық Орталық Азияға да әсер етуі мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 10:24
Алматыдағы «Эмиль» дәмханасына қосалқы салынған нысан сот шешімімен сүрілді
Оқиға • Бүгін, 10:10
Таразда синтетикалық есірткі таратқан 43 жастағы азамат ұсталды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:02
Халықаралық іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Грузиядан экстрадицияланды
Заң • Бүгін, 09:51
Табиғат • Бүгін, 09:45
Каспий теңізінің жағалауында тәртіп бұзған шетелдік блогерге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 09:40
Қазақстанның бес қаласында қолайсыз метеожағдай күтіледі
Ауа райы • Бүгін, 09:30
Бүгін 1 доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 09:20
Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 09:13
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10
Көрме • Бүгін, 09:05