Еңбегі көбіне-көп жұрт назарынан тыс қалатын мамандық иелері бар. Тарих үшін құнды жәдігерлерді бастапқы қалпына келтірумен, оны консервациялаумен шұғылданады. Көрнекті мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібековтің кезінде Алматыдағы «Қазреставрация» мекемесін құруға мұрындық болғанының өзі осы мамандықтың қаншалықты маңызды екендігін аңғартса керек. Бүгінде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде еңбек ететін Тұрсынкүл Жайлаубаева осындай сирек кездесетін қадірлі іспен шұғылданады.
– Реставратор болудың қиындығы да, қызығы да көп. Бұл жұмыспен айналысу үшін көп нәрсені білу керек, үйрену керек. Мысалы, жай ғана жүннің қандай киімде немесе бұйымда қолданылатынын, кестенің түр-түсін, тігістің неше түрін білу керек. Тарихтан хабарың болу керек. Этнографияны білмесең тағы болмайды. Бізде әр рудың бас киімінің, кимешегінің ерекшеліктері бар. Жасына қарай, келіншек пен қариялардың кимешектері әртүрлі болған. Соның бәрін білмесең, зерттемесең, оны қалай жасайсың?! – дейді Тұрсынкүл апай.
Оның айтуынша, ХХ ғасырдан әріде тұтынылған киімдердің материалын қазіргі дүниелермен салыстыруға мүлде келмейді. Реставрацияға қажетті табиғи заттарды табу қиынның-қиыны. Мәселен, Тұрсынкүл апай Қазыбек би бабамыздың шапанын қалпына келтіру үшін қажетті зерлі жіпті іздеп Бұқараға дейін барыпты. Тұрсынкүл апай Қазыбек бидің шапанына дейін де талай мұраларымыздың қайта тірілуіне атсалысқан. Есік қорғанынан табылған «Алтын адамның» реконструкциясын жасаған бірнеше маманның бірі. Абылай ханның қамқа шапанында да, Мұрақ ханның бас киімінде де қолының табы қалған. «Пазырық қызының киімі», «Алтай көсемінің киімі» сынды біраз жұмыстары Қазақстанның ғана емес, Францияның, Ресейдің, Чехияның көрмелеріне қойылған.
Шапанды Қарқаралы өңірінің Едіге деген ауылынан Қазыбек бидің ұрпағы Алтын деген азамат әкеліпті. Әбден тозығы жеткен, шамамен 20 пайыздай жері ғана бүтін болыпты. Алғашқы фотосуретіне қарап, оған біз де көз жеткіздік. Ал қазір музей қорындағы бұл дүниенің бағасы «60 миллион теңге» деп көрсетілген. Яғни, өте құнды дүние.
– Бізде реставраторларды танымақ түгілі, реставрация деген ұғымның өзін түсінбейтіндер бар. Кейбіреулер мені «жамаушы» дейді. Жарайды, жамаушы болсам болайын деп жұмысымды істей беремін. «Алтын адам» да, Қазыбек бидің шапаны да – біздің құнды жәдігеріміз. «Бұл біздің да Винчиміз» деп көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек, – дейді Т.Жайлаубаева.
Арнұр АСҚАРОВ,
«Егемен Қазақстан»

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді
Жануарлар • Бүгін, 16:46
Коммуналдық төлемді қалай аз төлеуге болады?
Қоғам • Бүгін, 16:38
Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 2 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 16:25
Қытайда магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді
Әлем • Бүгін, 16:22
Павлодарда фитнес-клубта қуаттағыш құрылғы жарылып, блогер ауыр жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 16:14
«Қазақстан темір жолы» акциялары IPO-ға шығарылады
Қаржы • Бүгін, 15:57
Алматыда дәрігерлер 9-қабаттан құлаған қызды аман алып қалды
Оқиға • Бүгін, 15:45
Үкімет пойыз арқылы азық-түлік тасымалдағандарға 70 пайыз жеңілдік береді
Инфрақұрылым • Бүгін, 15:40
«Ордабасы» футбол клубы 156,9 млн теңгеге сатылды
Футбол • Бүгін, 15:33
«Қазақмыс» Ұлытау облысындағы геологиялық барлау жұмыстарын күшейтті
Қоғам • Бүгін, 15:24
Алматы облысында ағаштарды кесу кезінде екі жұмысшы жарақат алды
Оқиға • Бүгін, 15:20
Халықаралық валюта қоры: Биыл инфляция шамамен 10 пайыз деңгейінде сақталады
Экономика • Бүгін, 15:18
Белгілі айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева мен жолдасы жол апатынан қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 14:51