31 Шілде, 2016

Атырауда бір жігіт елдің көз алдында өзіне пышақ салды (видео)

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

31-07-16-atyrau-1

Атырауда бір жас жігіт көшеде, жұрттың көз алдында өзіне өзі пышақ салды. Инцидент 30 шілде, сенбі күні қаладағы «Рахат» шағын ауданында орын алған. Көз көргендер сол сәтте болған оқиғаны видеоға түсіріп алып, оны Instagram-дағы парақшаларына жариялаған. «Бір ер кісі өзін өзі жарып жібермек болды! Шамасы, өмір сүруден жалыққан-ау!», деп жазды олар роликтегі мәтіндерінде. Видео кадрларынан жартылай шешініп алған жас жігіттің алдымен пышақпен өзінің ішінен тартып өткені, сосын тамағын орып жібермек болғаны көрініп тұр. Кейін облыстық ішкі істер департаментіндегілер болған оқиғаға түсіндірме берді. Тексере келгенде, белгісіз екеудің қаланың бір тұрғынын ұрып-соғып, ұялы телефоны мен 15 мың теңгесін тартып алғаны анықталды. Зардап шегуші осыған байланысты қалалық ішкі істер басқармасына шағым жазады. Келесі күні облыс орталығындағы базарлардың бірінің күзетшілері екі жігіттің ұялы телефон сатпақшы болып жүргендерін хабарлайды. Күзетшілер тәртіп сақшылары келгенше күдіктілерді ұстап тұрады. Олардың бірі сол кезде қолдан сытылып шығып кетіп, бәкі мен пышаққа ұқсас бір затты тамағына тақап, полицейлерден жанына жақындамауды талап етеді. Осы қарбаласты пайдаланып қалған екі күдікті содан соң қашып кетеді. Кейінірек олардың бірі қайта қолға түседі. Ал жұрт алдында өзін бауыздап тастамақ болғаны қазір іздестіріліп жатыр. Тәртіп сақшылары екі күдіктінің де кімдер екенін анықтады. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ https://youtu.be/wIKZXddXLXM