Фото: Inform.kz[/caption]
Ақмола облысы, Есіл ауданындағы «ұйқылы» Калачи ауылынан тағы 18 отбасын көшіру жоспарланып отыр. Шара алдағы қыркүйек айына дейін жүзеге асырылуы тиіс.
Бұл әңгіме облыс әкімі Сергей Кулагиннің Жақсы және Есіл аудандарына жасаған жұмыс сапары кезінде қозғалды.
Аймақ басшысы алдымен Жақсы ауданындағы «Агрофирма ТНК» ЖШС егістік даласын аралып шығып, биылғы егіннің жайын көрді. Серіктестік бас директорының орынбасары Ершат Беков оған бірнеше серіктестіктің басын біріктіріп отырған өңірдегі іргелі шаруашылықтың бүгінгі таңда егіні бітік шығып, алдағы қоңыр күзде мол өнім жинауға үмітті екенін жеткізді. Серіктестік осы күні қысқа шөп дайындау жұмыстарын қызу қолға алған. Оған қоса, егінді өсімдік зиянкестерінен қорғау шараларын кешенді түрде жүргізуде. Қазіргі таңда 200 мың гектар егістік алқаптың 85 мың гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген.
Облыс әкімі мұнда жергілікті бірқатар ауыл шаруашылығы құрылымдары басшыларымен кездесіп, олаодан алдағы егін орағына дайындығы барысын сұрады.
Сергей Кулагин Есіл ауданында болғанында онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан 40 пәтерлі тұрғын үй және жаңадан салынып жатқан аудандық орталық бу қазандығының құрылысымен танысты. Тұрғын үйді қыркүйек айында тапсырылуы керек. Құрылыс жұмыстарын «Таир» ЖШС жүргізуде. Бұл үйге негізінен бюджеттік сала қызметкерлері, жетім балалар және Калачи аулының тұрғындарын қоныстандырылады.
Осы әңгіменің барысында облыс әкімі қыркүйек айына дейін «ұйқы» ауруынан зардап шегіп отырған Калачи ауылынан тағы бірнеше отбасын көшіру жоспарланып отырғанын айтты.
«Біз Калачи тұрғындарын Есіл және Державин қалаларына көшіретін болып шештік. Осыған орай Державинде үш үйді қалпына келтірдік. Дегенмен, тұрғындар асығар емес. Сондықтан, біз келісім берген 18 отбасын қыркүйек айына дейін көшірмекпіз. Ал қалған адамдар көшетін-көшпейтіндерін өздері біледі. Сонда қаламын дегендерге де жағдай жасайтын боламыз. Бірақ мынандай мүмкіндікті жіберіп алмаған жөн. Қыркүйек айына дейін ойлануға уақыт береміз. Көшпейміз десе, Есіл және Державин қалаларында оларға арналған пәтерлерді онда жетім балаларға беретін боламыз», - деді Сергей Кулагин өз сөзінде.
Бақберген АМАЛБЕК
• 31 Шілде, 2016
«Ұйқылы» Калачи ауылынан тағы 18 отбасы көшіріледі

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10