[caption id="attachment_54029" align="aligncenter" width="700"]
Фото: syrboyi.kz.[/caption]
Мүлікті жария ету науқаны басталғаннан бері Орал қаласында 883 миллион теңгенің мүлкі жария етілді.
Орал қаласы әкімдігіне мүлікті жария ету жөніндегі комиссияға 3 400-ден астам адам жүгінген.
inform.kz ақпарына сәйкес, барлығы 1,32 миллиард теңгенің мүлкін жария ету туралы өтініш түскен.
Айта кетейік, 2014 жылы 30 маусымда «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» заңы қабылданған.
Бұл заң мемлекеттің мүлікті, оның ішінде бұрын жариялы экономикалық айналымнан шығарылған ақшаны жария ету жөніндегі біржолғы акция өткізуіне байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың табыстары мен мүлкін декларациялауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді. Мәліметтерге сәйкес, заң 2014 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін күшінде.
Темір ҚҰСАЙЫН