«Микробизнес Қызылорда» жобасы аясында бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының жалпы құны 357,5 млн. теңгені құрайтын 56 жобасы қаржыландырылды. Нәтижесінде 273 адам жұмыспен қамтылып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы Бақытжан Әбиев хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінде қызылордалықтар арасында жоғары сұранысқа ие жоба қаржысының қайтарылымы да көңіл қуантады. Мәселен, өткен жылы облыс әкімдігінен бөлінген қаржының бүгінгі күнге дейін 71,5 млн. теңгесін несие алған кәсіпкерлер мерзімінде қайтарған. Аталмыш сома биыл жаңадан 8 жобаны қаржыландыруға мүмкіндік беріп отыр.
«Қазіргі таңда Арал ауданында 20,3 млн. теңгеге – 4 жоба, Қазалы ауданында 74,3 млн. теңгеге – 11 жоба, Қармақшы ауданында 97,7 млн. теңгеге – 13 жоба, Жалағаш ауданында 27,6 млн. теңгеге – 4 жоба, Сырдария ауданында 32,9 млн. теңгеге – 5 жоба, Шиелі ауданында 57 млн. теңгеге – 9 жоба және Жаңақорған ауданында жалпы құны 11,1 млн. теңгені құрайтын 5 жоба қаржыландырылып, жүзеге асырылып жатыр», – деді Б. Әбиев.
Бұдан бөлек, несие комитеті 5 жобаны қаржыландыруға келісім берді. Енді тиісті құжаттарды тіркеу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ бақылаушы кеңестің соңғы отырысында келісім алған өзге жобалар бойынша құжаттар жинақталып жатыр.
Тағы бір айта кететін жайт, биылғы жылы «Атамекен» ҰКП мен облыс әкімдігі бірлесе отырып, «Қызылорда шағын бизнесі» жобасы шеңберінде ауылды жерлердегі кәсіпкерлікті дамытуға 660 млн. теңге қаржы бөлді.
Айдар ӨРІСБАЕВ
• 01 Тамыз, 2016
«Микробизнес Қызылорда» жобасы 273 жұмыс орнын ашты

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05