Күні кеше ғана тұңғыш ғарышкеріміз, Халық Қаһарманы Тоқтар Әубәкіров жетпістің белесіне шықты. Қыранымыз шетсіз-шексіз кеңістікті 1991 жылдың 2 қазанында бағындырған. Демек, алда бізді қазақстандықтың ғарышқа тұңғыш ұшуының ширек ғасырлық тойы күтіп тұр. Бәрінен бұрын осылардың мүбәрак мерекеміз – Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен орайласып тұрғанын айтсаңызшы!
Қазақтың тұңғыш ғарышкері жетпіс жастың асқарына абыройлы жеткенінде Арқа төсіндегі жерлестері жолынан жығылмады. Әуелі мерейтой иесін Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қабылдап, сый-құрмет көрсетті. Бұл кездесуге Тоқтар Әубәкіров жалғыз келмеген еді. Әкімнің кеңсесінде Қаһарманмен бірге ғарышқа самғаған Кеңес Одағының Батыры Александр Волков пен Австрияның алғашқы ғарышкері Франц Фибек және басқа да мәртебелі меймандар болды.
«Мемлекет басшысының таңдауы дәл Сіздей жерлесімізге түскенін біз ерекше мақтан етеміз», деген өңір басшысы тау тұлғалы батырдың иығына шапан жауып, ғарышкердің өз бейнесі салынған картинаны сыйға тартты. Батыр болса шапанды шешіп алып, өзінің тойына Ресейден арнайы келген қадірменді ақсақал, адамзат тарихында ғарышты алғашқы болып бағындырған Юрий Гагариннің досы, сынақшы-ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры Георгий Мосоловқа тарту етті.
– Бала кезімде мен жұлдызды аспанға жиі қарап, ұшқыш болуды армандадым. Талғат Бигелдинов пен Нұркен Әбдіровті үлгі тұттым. Біздер – соғыстан кейінгі жылдары туған балалар осы батырлардың ерлік істері негізінде тәрбиелендік. Қазір жұрттың бәрі менен «Анаңыз сауат ашпаған адам болыпты, сонда сіз қалай жақсы оқыдыңыз? Алыстағы ауылда ұшқыш болуды армандап және де оны іске асыру қалайша мүмкін болды?», деп сұрайды. Иә, менің анам оқымаған адам еді. Бірақ та ол кісі маған өз күшіме сенуді және қандай жағдайда болсын адам болып қалуды үйретті. Менде бірге туған бауыр деген болмады, ата-анам өмірден ерте кетті. Қазір қарап отырсам, мен тек халқым үшін ғана алға жүрген екенмін, – деп ағынан жарылды Алаштың бағына біткен арда азамат.
Ғарыш қыранын сол күннің ертеңінде туған жері Қарқаралы құшақ жая қарсы алды. Бұл жерде Тоқтар Әубәкіров облыс әкімімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының ғарышқа алғаш ұшуының құрметіне орнатылған «Ұлы дала елі, Сарыарқадан ғарышқа» деп аталған ескерткіш ұстынның ашылу салтанатына қатысты. Бұл шараны атқарған соң бір қауым ел батырдың ата-бабасы жатқан қорымға барып, марқұмдардың рухтарына тағзым етті. Бұдан кейін мерейтой иесі мен қонақтар ақбоз үйлер сап түзеген ауылға келіп, театрландырылған қойылымды, мерекелік концертті тамашалады. Той үстінде өңір басшысы Тоқтар Әубәкіровті тағы да туған күнімен құттықтап, мерейтой иесіне темір тұлпардың кілтін табыс етті. Мерекелік шара ипподромда жалғасын тауып, бұл жерде қонақтар ұлттық спорт түрлері бойынша өткен жарыстарды қызықтады.
Мерейлі жиынға бірқатар өнер адамдары да арнайы келіп қатысқан еді. Олардың қатарында Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова, атақты композитор, танымал әнші Ескендір Хасанғалиев және белгілі ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбеков болды.
Қарап отырсақ, жетпіске келді деуге ауыз бармайтын Қаһарман ғарышқа ұшқанында тура 45 жаста болыпты. Отызында орда бұзып, қырқында қамал алған батырыңыз бүгінгі күнде атақ-даңққа зәру емес. Елінің батасын, Елбасының алғысын, ерлігінің бағасын әлдеқашан алған. Десе де, ол он сегіз мың ғаламды шарлап кеткенінде де, бүгінгідей мұратына жеткенінде де қаталап сүйген халқының мерейіне шөлдейді де жүреді. Айналып-толғанған қара орман халқы да қыран тектес ұл дегенде қошемет-құрметтен аянған емес. Кеше көкке көтерді, бүгін жетпісінде аяғын жерге тигізбеді, енді жүзінде аман-есен жүздесуге жазсын!
Қайрат ӘБІЛДИНОВ,
«Егемен Қазақстан»
Қарағанды облысы

AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Құқық • Бүгін, 14:42
Президент Жапония Императорын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 14:32
Геологиялық барлау саласындағы 20 жоба қаржыландырылады
Үкімет • Бүгін, 14:22
Аида Балаева: Жаңа Ата заң адам құқығы мен бостандығын басты орынға қояды
Ата заң • Бүгін, 14:10
Енді ХҚКО-дан құжатты тәуліктің кез келген сәтінде алып кетуге болады
Қоғам • Бүгін, 14:04
Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11