Ресейде әскерилердің халықаралық ойындары басталды. Оның ашылу салтанаты Мәскеу облысының «Алабино» полигонында өтті.
Оған Қазақстан тарапынан Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қатысты. Қорғаныс ведомствосының басшысы еліміздің Қарулы Күштерінің намысын қорғайтын құрама командамен жүздесіп, әскери қызметшілерге алдағы байқауда сәттілік пен жеңіс тіледі.
Биылғы жарысқа Азия, Еуропа, Африка және Оңтүстік Американың 20 мемлекетінен 120-ға жуық команда қатысуда. Қазақстан әскерилері 23 байқаудың 21 түрінен бақ сынайды.
Әскерилеріміздің құрама командасында ұшқыштар, теңізшілер, десантшылар, жүргізушілер, танкішілер мен теңіз жаяу әскерлері, инженерлер, дәрігерлер, аспазшылар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, кинологтар, сүңгуірлер, мергендер мен артиллерияшылар бар.
Жарыс 13 тамызға дейін жалғасады.
Биылғы ойындар Ресей мен Қазақстанның 20 әскери полигонында, ал теңіз байқаулары Балтық, Қара және Каспий теңіздерінің су айдындарында болады. Осы жарыстарға 3 000-нан аса әскери қызметші қатысады. Армия халықаралық ойындарының «Артиллериялық оқ ату шеберлері» мен «Мерген шебі» байқауы Қазақстан Қарулы Күштерінің «Гвардейск» полигонының аумағында өткізіледі. Бұл сындар бүгін басталады. Онда үздік мергендер мен артиллерияшылар сынға түседі.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан»

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05