Ақтөбе облысында жүк вагондарының жолдан шығып кетуіне байланысты жолаушылар пойыздарының қозғалысында біраз кідіріс болды. Оқыс оқиғадан зиян шеккен жолаушыларға өтемақы төленетін болады. Бұл туралы Ақтөбеде өткен баспасөз мәслихатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, 31 шілдеде Астана уақытымен сағат 03:25-те Әйтеке би ауданының орталығынан 74 шақырым қашықтықта «Әйтеке би-Никельтау» теміржол аралығында кен тиелген 22 вагон жолдан шығып кетіп, нәтижесінде теміржол төсемі бүлінген болатын. Тосын оқиға кезінде зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Жаңабай Бексары, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов барды.
Тез арада теміржол төсемін қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды. Қалпына келтіру жұмыстарына 86 адам, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясына Әйтеке би және Қандыағаш стансаларына қарасты 2 қалпына келтіру пойызы жұмылдырылды. Сағат 17:00-де 2 вагон теміржолға қойылды, тағы 20 вагон теміржол бетінен алынды.
Осы уақыт аралығында «Астана-Атырау» және «Астана-Ақтөбе» бағытындағы пойыздардың 320-дан астам жолаушысы Ақтөбеге жеткізілді. Өзге жолаушыларға жағдайдың барлығы жасалды, тамақ берілді, су жеткізілді, оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен медициналық қызметкерлер кезекшілік етті. Қазіргі уақытта пойыздар қозғалысы толық қалпына келтірілді.
Сатыбалды СӘУІРБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Ақтөбе облысы

Онлайн-казинодан түскен табыс тәркіленді: Porsche мен Lexus мемлекет кірісіне өтті
Қоғам • Бүгін, 13:51
Түркістан әуежайына 14,3 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Жетісуда жас кәсіпкер қол ашытқымен пісірелетін нан өндірісін жолға қойды
Өндіріс • Бүгін, 13:28
Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады
Логистика • Бүгін, 13:11
Цифрландыру және жасанды интеллект жылы қандай жобалар жүзеге асады?
Қоғам • Бүгін, 13:05
Мемлекет басшысы Грузияның Ішкі істер министрін қабылдады
Президент • Бүгін, 13:00
Қазақ әскерилері Голан жоталарына аттанады
Қоғам • Бүгін, 12:58
Астанада қар күреуге екі мыңға жуық арнайы техника шығарылды
Елорда • Бүгін, 12:57
Полиэтилен мен алкилат: Жаңа өндірістер Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтады
Энергетика • Бүгін, 12:48
Қостанай облысында 145 робот өндірісте жұмыс істей бастады
Технология • Бүгін, 12:40
Бибігүл Жексенбай: Конституцияны талқылау – қоғамның ортақ жауапкершілігі
Ата заң • Бүгін, 12:34
Әуеде 900 сағаттық тәжірибесі бар қазақ ұшқышы туралы не білеміз?
Қоғам • Бүгін, 12:23
Мысыр визасы қымбаттады: Қазақстан азаматтары үшін жаңа тариф енгізілмек
Қоғам • Бүгін, 12:18
Қара алтын құны соңғы алты айдағы ең жоғарғы межені бағындырды
Әлем • Бүгін, 12:10