02 Тамыз, 2016

Балмұздақ музейі ашылды

277 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.08.2016-muzei Нью-Йоркте тәттіге құмарлардың түсіне кіретін музей ашылды. Бұл музейде балмұздақтың ондаған түрі, одан өзге де тәтті-дәмділер қойылған. Музейде қабырғалары тұтас шоколадтан құйылған, фавли тостағандардан қаланған бөлмелер бар. Келушілер су орнына түрлі-түсті кәмпит толты­рылған бассейннің ішіне түсіп, тәтті-дәмділерден ауыз тие алады. Мекеме әкімшілігінің хабарлауынша, музейге күн сайын мыңдаған адам келеді. Олардың әлеуметтік желілерге салған суреттерінің арқасында музей арнайы жарнама жасамаса да келушілердің қатары толастар емес. Нұрхан АСҚАР
Соңғы жаңалықтар