02 Тамыз, 2016

Дубайда тағы бір зәулім ғимарат салынып жатыр

938 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
[caption id="attachment_54229" align="aligncenter" width="700"]020816-dubai Фото: naked-science.ru[/caption] ZAS Architects фирмасы әзірлеген зәулім ғимараттар жобасының құны 550 миллион долларға бағаланған. naked-science.ru ақпары бойынша, зәулім екі ғимараттан тұратын биік мұнаралардың жалпы аумағы 186 мың шаршы метр болады. Екеуі де 53 қабаттан тұрады. Олардың бірінде бірінші санаттағы 448 бөлмелік қонақүй болса, екіншісінде 280 пәтер бар. Ғимарат ішінің кіре берісі келушілерді үлкен тропикалық орманда жүргендей сезімде қалдыратын арнайы 3D жобалармен жабдықталған. Сондай-ақ, қосымша аудиовизуальды, робототехнологиялық және 3D технологиялар оның әсерін күшейтетін болады. [caption id="attachment_54230" align="aligncenter" width="569"]020816-dubai 2 Фото: naked-science.ru[/caption] Жаңа ғимараттардың басты ерекшелігі – ішінде аумағы 7000 шаршы метрді құрайтын тропикалық орман орналасқан. Бұл жерде қоғамдық аттракциондар, тропикалық өсімдіктер және тропикалық ылғалды ауа жүйесі бар. Архитекторлардың айтуынша, тропикалық ылғалды ауа жүйесі тұман мен жаңбырды шынайы сезінуге мүмкіндік береді. Келушілерге арналған бірнеше демалыс орны, бассейн, жағажай, түрлі дәмханалар, сарқырамалар болады. Жобаны әзірлеушілер бұдан бөлек, ғимараттың алдыңғы қатарлы технологиялармен жабдықталғанын мәлімдеді. Жүкті жылдам қозғалатын лифтілермен бөлмеге жеткізетін роботталған жүйе орнатылған. Ғимараттың құрылысын 2018 жылы аяқтау жоспарланған. Аян ӘБДУӘЛИ