12 Ақпан, 2011

Ардагерлер үйін жекешелендірді

485 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Көкшетау қаласындағы «Сұңқар» шағын ауданында пайдалануға берілген үйде 16 соғыс ардагері мен мүгедегі жайлы пәтерлерге қоныстанған болатын. Әйткенмен, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы бұл пәтерлер жалға берілген еді. Майдангерлер өз пәтерлерін жекешелендіру тура­лы өтініш-тілектерін де айтумен келеді. Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев осыған байланысты «Тұрғын үй қатынас­тары туралы» Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлыққа қол қойды. Онда соғыс ардагерлеріне қатысты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Жуырда Отан жауынгерлерінің тілегі орындалып, Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченко оларға жекешелендіру туралы келісім-шарттарды тапсырды. Сон­дай-ақ, облыс және қала әкімдері соғыс ардагері Шәміл Мағауин мен жауынгер жесірі Мария Омарованың шаңырағында болып, отбасына құт-береке тіледі. Бақберген АМАЛБЕК.