03 Тамыз, 2016

Ескі орындық олжаға кенелтті

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
  03.08.2016-seposhka Шотландияның Биггар қаласында тұратын ерлі-зайыптылар ойламаған жерден олжаға кенелді. Олар кезінде 5 фунт стерлингке сатып алған ескі орындықтың көпшігінің астынан гауһар тасы бар алқа тауып алды. Зергерлер алқаның құнын 5 мың фунт стерлингке бағалап отыр. Ерлі-зайыптылар бұл орындықты 10 жыл бұрын сатып алған екен. Оны бірнеше жыл пайдаланғаннан кейін үйлерінің шатырына шығарып тастаған. Жақында отағасы ескі жиһазды жаңа матамен қаптамақ болғанда, оның көп­шігі­нің астынан қымбат алқа шыға келген. Алғашында отағасы алқа туралы әйеліне айтпай, құпия сақтағысы келген екен. Бірақ қуанышы қойнына сыймай, айтып қойған. Ерлі-зайыптылар алқаны сату­дан түскен ақшаға үйлеріне жаңа жиһаз, әйеліне қымбат сырға сатып алыпты. Нұрхан АСҚАР