03 Тамыз, 2016

Қостанайда екі өрт сөндіру пирсі салынады

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жағажай аймағын көріктендіру жобасы шеңберінде Қостанай қаласының солтүстік бөлігі, Тобыл өзенінің оңтүстік жағалауында екі өрт сөндіру пирсі салынады. Оның біріншісі үш өрт сөндіру автоцистернасына бір уақытта су жинауға есептелген. Қызыл жалынды ауыздықтау үшін көліктің суды тез алуы өте маңызды, пирс сондықтан тиімді болуы керек. Аталған нысанды салуға жергілікті бюджеттен 13 млн. 676 мың теңге қарастырылған. Оның құрылысы 2017 жылдың алғашқы тоқсанында аяқталады деп жоспарлануда. Екінші пирстің жобасы енді бекітіледі. Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Т. Кәкімовтің айтуынша, мұның барлығы өрт қауіпсіздігін нығайту, тұрғындардың өмірін қорғау, сонымен қатар, өрттерден келген материалдық шығындарды азайту үшін жасалуда. Нәзира Жәрімбетова
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15